Апталықтың басты мақсаты қолайлы шығармашылық атмосфераны құру, шығармашылық белсенділікті дамыту, эстетикалық қабылдауға және білім алушылардың танымдық қызығушылықтарын қалыптастыруға назар аудару.
Апталықты өткізу оқу-тәрбие процесінің ажырамас бөлігі болып табылады және музыкалық және көркем өнерге деген қызығушылықты арттыруға, білім алушыларды моральдық-эстетикалық қатынасты тәрбиелеуге ықпал ететін үлкен тәрбиелік мәнге ие.
Апта аясында муза-поэзия зертханасы, сурет бойынша мастер-класс, білім алушылардың шығармашылық жұмыстарының көрмесі, қазақ халық аспаптар ансамблінің өнер көрсетуі, викториналар , "Музыкалық калейдоскоп" квест-ойыны түрлі іс-шаралар өтті. Кафедра оқытушысы Г. К. Нужакупова Муз/ДПМ-21 студенті Р. Махмутовамен «Ән ұжымының болашақ жетекшісі қызметінің негізгі түрі - а ' cappella шығармасымен жұмысы» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақтың мақсаты бұрын алған білімдерін тереңдету, дирежерлеу техникасын арттыру болып табылады. Рысбеков Д.К. өткізген «Қазақ халық аспаптарында ойнау» шеберлік сыныбы білім алушылардың үлкен қызығушылығын тудырды. Студенттер домбыра, шертер, сыбызғы, саз сырнай, дауылпаз сияқты қазақ аспаптарын жасау тарихымен танысты, сондай-ақ педагог осы аспаптарда ойнау жолдарын көрсетті.
Апталықты өткізудің маңызды қағидаты музыка және сәндік-қолданбалы шеберлік кафедрасының студенттерінің белсенді қатысуы болды. Атап айтқандай, Муз/ДПМ-21 тобының студенттері музыкалық-поэтикалық зертханасына қатысып, музыка кафедрасының оқытушысы Нуржакупова Гульшат Кенжетаеваның авторлық өлеңдерін оқыды. 1 курс студенттері үшін «Музыкалық калейдоскоп» квест-ойыны өткізілді. Станцияларда қатысушыларды белгілі музыкалық орындаушылар мен тапсырмалары бар мультфильм кейіпкерлері күтті. Барлығы 5 музыкалық станция болды, квест ойынының соңында барлық командаларға сыйлықтар берілді. Үзілістерде Матковскии А.А. орындауындағы көңіл-күй мен эмоционалды атмосфераны қалыптастыратын музыкалық композициялар шырқалды.
Апта соңында музыка кафедрасының оқытушылары және студенттермен бірлескен концерттік бағдарлама қойылды. Шығармашылық ұжымдар музыкалық композицияларды жоғары көркемдік деңгейде орындай отырып, өз шеберліктерін көрсетті.
Аптаны қорытындылай келе, әрине, үлкен жұмыс жүргізілгенін және алда әлі де көптеген қызықты нәрселер бар екенін атап өткім келеді. Барлығына назар аударғаны және қолдағаны үшін алғыс айтамыз.