Qostanaı oblysy ákіmdіgі Bіlіm basqarmasynyń

«QOSTANAI JOĞARY PEDAGOGIKALYQ KOLEJI» KMQK 

 1963 jyly quryldy               

Qabyldaý Bykovskıı 9 k-sі, 1B bölıgı
Qabyldaý bólіmі: +7 (7142) 26 26 41

kost_kpk@edu.mail.kz

Jazyńyz

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай Жоғары педагогикалық колледжі" КМҚК жатақханасында 7 бос орын бар. Жатақханада тұру құны айына 18 000 теңге

Жаңалықтар мұрағаты

« November 2024 »
Mon Tue Wed Thu Fri Sat Sun
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  
Бейсенбі, 03 қараша 2022 15:24

Жас педагог мектебінің отырысы

«Өзіндік білім алу -кәсіби шеберлікті арттыру жолы»

2022 жылғы 31 қазанда  колледжде Жас педагог мектебі оқытушыларының «Өзін – өзі тәрбиелеу-кәсіби шеберлікті арттыру жолы» тақырыбы бойынша әрі осы айдағы жұмыс нәтижелерін қорытындылау мақсатында жас педагогтердің отырысы өткізілді. Жас маманның кәсіби құлшынысын арттыру, жігерлендіру, көңіл-күйін көтеру және ұжымда жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру арқылы көмек көрсету көзделіп, колледжіміздің тәжірибелі ұстаздары жас мамандарға тәлімгерлік бағыт-бағдар беріп отырады.

Айталық, осы жолғы отырыс тәжірибесі  аз  жас оқытушылардың кәсіби шеберлігін шыңдауға бағытталды. Осыған орай білікті, тәжірибелі пән оқытушылары, атап айтқанда,  математика пәнінің оқытушылары Д.А. Елеусизова, Ж.А. Кусеубаева тәжірибелерімен бөлісіп, колледждің кітапхана меңгерушісі Р.Ш.Урузбаева «Кітапхана-педагогтің өзін-өзі тәрбиелеудегі бірінші көмекшісі» тақырыбында сөз сөйледі. Р.Ш. Урузбаева жас және жаңадан қабылданған педагогтерді биылғы оқу жылында іске асырылып жатқан «Оқуға құштар колледж» республикалық жобасының бағыттарымен таныстырды.

Бұдан әрі модераторлар жас мамандарды «қауымдастық» дидактикалық ойыны түрінде командаларға бөліп, әр педагогке өз таңдауына орай пайдалы сипаттама берілді. Жас педагогтер «өзін-өзі тәрбиелеу», «өзін-өзі тәрбиелеудің мәні», «өзін-өзі тәрбиелеу формалары», «жоспарлау» және басқа ұғымдармен танысты. Тәжірибелік тренинг барысында тақырыпқа нық кіру мақсатында, түрлі әдіс-тәсілдер қолданды. Топқа бөлу, кластер жасау, топ немесе жұп болып тапсырмалар орындау сияқты әдістер қолданылды. Жас мамандар тақырып аясында өз ойларын ортаға салды, оқытушы мен білім алушы арасындағы байланыс пен түсіндіру жайлы тәжірибені толық бақылай алды. Сонан соң жас мамандар берілген тақырыптың негізгі ойын ашу үшін, ой-тұжырымдарын  қағаз бетіне түсіріп, әр топ өз постерлерін жоғары деңгейде қорғады. Өткізілген тренинг соңында тәлімгер ұстаздар жас мамандарға өз қызметінің жемісін көру үшін,  ұшқыр ой, алғыр зейін, ашық көз, ояу көкірек керек екенін айтып, жауапкершілігі мол ұстаздық жолына сәттілік тіледі.

Отырыс модераторлары Диана Аллабергеновна Елеусизова мен Жанар Абтлкасовна Кусеубаеваға өте қызықты ұйымдастырылған тренинг үшін алғысымды білдіргім келеді! Осы отырыс аясында қызықты тренингтер және жаңа технологиялық ақпараттармен тереңірек таныстық.

 

Г.Ж.Кубегенова,

педагогика және психология кафедрасының оқытушысы

БЛОГ РУКОВОДИТЕЛЯ

Читать


MEMLEKETTIK SAIT

Біздің видео