Qostanaı oblysy ákіmdіgі Bіlіm basqarmasynyń

«QOSTANAI JOĞARY PEDAGOGIKALYQ KOLEJI» KMQK 

 1963 jyly quryldy               

Qabyldaý Bykovskıı 9 k-sі, 1B bölıgı
Qabyldaý bólіmі: +7 (7142) 26 26 41

kost_kpk@edu.mail.kz

Jazyńyz

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай Жоғары педагогикалық колледжі" КМҚК жатақханасында 7 бос орын бар. Жатақханада тұру құны айына 18 000 теңге

Жаңалықтар мұрағаты

« November 2024 »
Mon Tue Wed Thu Fri Sat Sun
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  
Жұма, 04 қараша 2022 17:17

Оқуға құштарлық – болашақ мамандар даярлаудағы , кәсіби құзыреттілік баспалдағы ретінде

Rate this item
(1 Vote)

Кітап — білім бұлағы,білім — өмір шырағы - деген даналық сөздерге сүйенетін болсақ, әр адам білім алу үшін кітаптың қажеттілігін білгені дұрыс.

Мысалы қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлы өз білімін өз бетімен ізденуінің кітапты көп оқуының арқасында бірнеше тілді меңгерді. Жас ұрпақтың талабын қанағаттандыру, рухани байлығын, жалпы ой-өрісін дамытуда талап талғамын қалыптастыруда ең үлкен де ұлы тәрбие құралы-кітап.

Ал адамның ойын байытып, сауатын жоғарылатып, білім нәрімен сусындатар орта – кітапхана. Әдебиет арқылы әлемдегі мемлекеттер бір-бірімен рухани байланыс жасауда. Бірақ бүгінгі компьютендірілген, қарқынды дамыған техника заманы өз қызығын ұсынуда. Өркениетті елдерде кітап оқуға деген ынта-ықыласты арттырудың түрлі амалдары жасалуда. Біздің де колледжде қыркүйек айынан бастап «Оқуға құштар колледжі» атты тұжырымдамасы бойынша жоғары деңгейде жұмыс жүргізіп жатыр.

Мен 2022-2023 оқу жылының «Оқуға құштар колледжі» атты тұжырымдамасы бойынша «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту»  бөлімінде барлық топ студенттерінің кітап оқуына көңіл бөліп жүрмін. Сол себепті балалар әдебиетіне келгенде 15-20 минут қалдырып, әр студенттің қандай кітап оқыды, не туралы, айтып берулерін қадағалаймын. Негізгі менің міндетім алдыма келген студенттерге мектепке дейінгі балаларға шығармаларды мәнерлеп оқуға, оқыған әңгіменің мазмұнын айтып беруге, әңгімелеп беруге,өз ойларын толық айтуға,сұрақтарға толық жауап беруге қалыптастыру. Биыл біздің кітапханамызға ана тілімізде көптеген оқулықтармен және роман, повест шығарма туындылары алынды.Педагогтар мен студенттеріміз қуанып жатыр.Қазір мен  балалар әдебиет сабақтарымда үйге қосымша кітап оқуға тапсырма беруді дағды етіп жатырмын.Бірақ оны сабақ үстінде тексере алмаймын, қосымша уақыт белгілеймін немесе сабақтан кейін қалып, әр студент өз ойларымен бөліседі. Мен қазіргі таңда Т-11топ студенттерімен  М.Әуезовтың Абай жолы романының -1томынан бастадық. 1 курс топта барлығы  25 студент.Кітап оқуды 27.10- 03 .11.22 ж. аралығына оқуға жүктедім. Кітап оқу жоспарын былай жоспарладым. Мысалы: кітапта 374 бет болса,оны 25 студентке бөліп, әр студентке 14-16 беттен келеді,өз ойларын жақсы оқып айтатын студенттерге көбірек бердім және олармен бірге 15 бетті алып өзімде оқыдым.Бір жеті өткесін Абай жолы романының  мазмұнын бірге айтып шықтық. Мазмұнын айтқанда көп студенттердің кітапқа деген құштарлықтары әлі мықты екенін,әрі оқуға деген сезімдерінің жоғалтпағанын көріп, бір қуанып қалдым. Топтағы барлық 25 студент ойымнан шықты деп айта алмаймын жалпы кітап оқу құштарлықтары бар екеніне қуандым. Әсіресе Абай жолының берілген үзінділерін: Қуандық Аружан, Курмангалиева Сабина, Досаева Аружан, Қайыржан Назира, Бирмаганбетова Айгерим, Турсынбаева Гульмира, Нағашыбай Толқын,Шаймердинова Диана өз ойларын жақсы шеберлікпен жеткізді. Кейбір айта алмаған студенттердің орнына өзіме айтуға тура келді, ал кейбіреулерімен бірге айттық. Ал өз ана тілдерінде шорқақ , мамұнын түсінсе де айта алмаған студенттерге тағы 2-3 күн уақыт бердім. Не керек кітаптың мазмұнын толығымен тәмәмдадық. Осы оқыған кітабымыз жайлы 04 қараша күні  «Оқуға құштар жандар» деген шағын іс-шара жүргіздім.Іс-шараға оқу бөлімінің мңгерушісі: Абдиханова К.О.,  кітапхана меңгерушісі Урузбаева Р.Ш. және колледж  педагогтары қатысты.Бұл іс-шараны өткізу мақсатымыз, әр студенттің кітапқа деген құмарлығын ғана емес,кітап оқыған әр адамның ой өрісі дамып,сөзге шешен болуына көмек беретінін жеткіздім деп ойлаймын.Кітапты шын жан тәнімен оқыған студент білімді,махаббатқа толы, әрі еңбекқор болатынына сенімдімін. Енді алдағы уақытта «Абай жолы» 2-і томын оқуға жоспарлап отырмын.Келесі жолы роман мазмұнын айтуға күрделі болған 5-6 студенттерімзге жеңіл ертегі кітаптар беретін болдым. Осылай студенттерді кітапқа деген қызығушылықтарын оятып,өз ана тілдеріне деген сүйіспеншіліктерін тәрбиелеймін. Болашақ мамандардың кітап оқуға деген құштарлығын дамытсам, келешекте олардан үлкен тәрбиелі және білімді, еліміздің тізгінін мықты ұстайтын азаматтар  болатынына сенімдімін.

Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту бөлімінің  оқытушысы:  

Рахпанова Багиткуль Ганиевна

Read 1385 times

Leave a comment

Make sure you enter all the required information, indicated by an asterisk (*). HTML code is not allowed.

БЛОГ РУКОВОДИТЕЛЯ

Читать


MEMLEKETTIK SAIT

Біздің видео