Кітап оқымай өмірді білу, білім алу мүмкін емес. «Өзіңді өзің тану үшін кітап керек, өзгені тану үшінде кітап керек». Шынымен де, кітап – адам баласының сан ғасырлық ақыл-ойының жемісі, тарихы мен тағылымының алтын сандығы. Кітап – алтын қазына. Кітаппен оқырмандарды қауыштыратын рухани орда – кітапхана. Ол оқырмандар үшін үлкен тәрбие мектебі, білімділік, байлық пен біліктіліктің киелі ордасы, ақпарат, насихат орталығы.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінде берген тапсырмасына сәйкес БҒМ «Оқуға құштар колледж» жобасын бекіткен болатын. «Оқуға құштар колледж» жобасы аясында 7 қараша күні колледж кітапханашысы Байгазина Лаззат Жумакановнамен РХК/Муз – 21 тобында кураторлық сағаты өткізілді. Колледж кітапханасының қорында еліміздің үздік классиктернің кітаптары, ана тіліне аударылған шетелдік әлем әдебиетінің жауһарлар, сонымен бірге қазіргі заманғы ақын-жазушылардың кітаптары қол жетімді екені аталып өтті.Білім берудегі кітап оқуға үйрету мәселелері әрдайым маңызды болғанымен, оқу сауаттылығын дамыту тапсырмасы ҚР-ның мемлекеттік білім беру стандартын жүзеге асыратын заманауи білім беру үшін жаңа сала болып табылады. Бүгінгі таңда оқушылардың кітап оқу құзыреттілігін қалыптастыру өте маңызды міндет болып табылады. Кураторлық сағат қорытындысы студенттер арасында «Кітап әуесқойы» атты өзі оқыған көркем шығарманы насихаттау акциясы өткізіледі. Акция мақсаты:студенттердің көркем әдебиеттерге деген қызығушылығын арттыру,білімнің кітап арқылы берілетінін ұғындыру.
«Кітап – білім бұлағы,білім – өмір шырағы»деген қазақ даналығы бекер айтылмаса керек. Еліміздің болашағы жарқын болу үшін,ең алдымен жастарымыз білімді, кемел мінезді, ойы, сөзі, ісі бір,бәсекеге қабілетті, рухани деңгейі жоғары, кәсіби маман болуы қажет. Ол үшін кітап оқу керек.
РХК/Муз-21 тобының кураторы Тулепбаева Ж.С.