жетілдіру және оларды жұмысқа орналастыру мәселелері бойынша диалог алаңы өткізілді. Аталған алаңға жалпы білім беретін № 5А, № 24 мектеп-гимназияларының, М. Хакімжанова атындағы № 20, №30, № 14, 17, 23 Қостанай қаласының «Ақерке» жекеменшік мектебі, Қостанай ауданының Майкөл жалпы білім беретін мектептерінің бастауыш сынып мұғалімдері қатысты.
Мектепке дейінгі ұйымдардағы тәрбие-білім беру үдерісін геймификациялау тәжірибесі, проблемалары мен перспективалары – дөңгелек үстелде мектепке дейінгі тәрбие мамандарымен қаралды (Қостанай қаласының№3, 5, 27, 61 бөбекжайлары).
Ұзынкөл, Меңдіқара, Федоров, Алтынсарин, Әулиекөл, Қостанай және Қостанай қалаларынан келген би ұжымдарының жетекшілері үшін хореография кафедрасының оқытушысы Б.Е. Шаяхметова қазақ биін қойылымы бойынша шеберлік сабағын өткізді.
Аудандық және Лисаков қаласының мәдениет үйінің хор ұжымдарының жетекшілері педагог Н.В.Черкованың «Хор сыныбында жұмыс істеген кезде вокалдық-интонациялық жаттығулар» шеберлік сыныбына қатысты.
Әлеуметтік серіктестер үшін колледж бойынша экскурсия өткізілді, студенттердің шығармашылық жұмыстарының, педагогтар мен әлеуметтік серіктестердің ғылыми-әдістемелік жобаларының көрмесі ұсынылды.
Іс-шаралар барысында бос жұмыс орындарының шағын жәрмеңкелері өткізілді, онда әлеуметтік серіктестер өздерінің мекемелерін, еңбек жағдайларын, жас мамандарға әлеуметтік кепілдіктерді ұсынды
К.С.Жунусова – зам.директора по УПР.