Балабақша –барлық тәрбие мен білімнің ең алғашқы баспалдағы. Мұндағы тәрбие мен білім балалардың табиғи мінезін, кабілетін ерте дамытады. Адам өміріңдегі ең бір тәтті, алаңсыз бақытты шағы – балалық шағы. Мектепке дейінгі шақ адам өміріндегі ең маңызды кезең болып келеді. Осы кезде баланың бойындағы табиғи бар дарындылық жан –жақты дамиды. Барлық білімнің бастауы – балабақшада. Қазіргі таңда үздіксіз білім беру еліміздің ертеңі жас ұрпақтың білімнің тереңдігімен өлшенеді. 21-26 қараша аралығында мектепке дейінгі тәрбие кафедрасының апталығы өткізіледі. Басты мақсатымыз колледж бен машықтама базасы мектепке дейінгі ұйымдар арасында сабақтастық орнату. 21 қараша күні ашылу салтанатына № 13 бөбекжай-балабақшасының тәрбиеленушілері қатысып, өз өнерлерін көрсетіп ,біздерді бақытты балдаурен, балалық шақ мекеніні сапар шектіреді. Мектепке дейінгі тәрбие кафедрасының барлық топ студенттері ашылу салтанатына атсалысып,белсенділік танытты.Адамның санасында мәңгілік өшпестей естелік қалдыратын, ең керемет, ең ғажап ұмытылмастай сәттер сыйлайтын ол – балалық шағымыз. Жүргізушілер апталық іс-шараларымен таныстырып, болатын іс-шараларға студенттер мен оқытушылырды белсене атсалысуға шақырды.
Балалықтың балғын дәмін сағынбайтын жан жоқ-ау, сірә! Қамсыз, уайымсыз, ешбір қоспасыз сәттердің уақыт қоржынында қалып кеткені қалайша сағындырмасын ? Атақты ойшыл ғалымдар да бала болған. Әйгілі ғалымдардың бала, балалық шақ туралы ой-пікірлерін колледж студенттері QR кодтар арқылы танысты, сабақтарда талқылап өз ойларымен бөлісті. Апталықтың ашылуына белсене қатысқаны үшін № 13 бөбекжай-балабақшасының тәрбиеленушілері мен музыка жетекшісіне , бөбекжай-балабақшасының басшылырына алғыс хаттар марапаталды.Жарқын көңіл-күймен басталған апталық жемісті аяқталады деп үмітенеміз.
Бақыт деген – сенің бала күндерің, Бақытсыз-ақ бақытты боп жүргенің.-деп Мұқағали Мақатаев атамыз айтқандай, мәңгі бала болып қалмайтынымызды білсек те, іште жатқан балалықты сөндіріп тастап алмайық...
Мектепке дейінгі тәрбие кафедрасының оқытушысы
Жолдыбаева Д.С.