«Балалардың мүмкіндігі мен дарындылығының бастамалары саусақтарының ұшында. Бейнелеп айтқанда, саусақтарынан шығармашылық ойын қоректендіретін өте жіңішке жылғалар сынды жіптер тарайды. Баланың қолында неғұрлым шеберлік көп болса, соғұрлым ол ақылды болады» (В.А. Сухомлинский)
Егеменді еліміздің қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық бетбұрыстарына қарай болашақ ұрпақты тәрбиелеуде басты шығармашыл тұлғаны дайындау мектепке дейінгі ұйымнан басталады.Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында жеке адамның шығармашылық, рухани және дене мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі деп көрсетілген. Олай болса, мектепке дейінгі кезеңнен шығармашыл тұлғаны қалыптастыруда бейнелеу өнері әрекетінің орны ерекше.Әдемілікті сезіну, шығармашылық қабілеттің қалыптасуы балалық шақтан басталады. Шығармашылық –бүкіл тіршілік көзі. Адам баласының сөйлей бастаған кезіненбастап, бүгінгі күнге дейін жетістіктері-шығармашылықтың нәтижесі. Шығармашылықты дамыту, тәрбиелеу туралы ойлар, көзқарастар ұлы ойшылдарымыздың Жүсіп Баласағұн, Әл-Фараби, Абайды ерекше толғандырған, сондықтан олар еңбектерінде адамның жеке басын, қабілеттерін дамытуды үнемі сөз етіп отырған. Сурет салудың дәстүрден тыс әдіс-тәсілдер балаларға ғана емес ересектерге де өте қызықты, өйткені сурет арқылы әдемілікті сезінуі, шығармашылық қиялдары дамып, танымдық қабілеттері арта түсетіні анық.
Дәстүрден тыс сурет салу әдістері мынандай тәрбиелік және дамыту мақсаттарында қолданылады:
-Ұсақ қол моторикасын дамыту.
-Сыни ойлауын белсендіру мен тың идеялар шығаруға белсенділік арттыру;
-Командамен жұмыс жасауға қызығушылықты қалыптастыру. Осы дамыту мақсатта бірнеше міндеттер айқындалады:
-дәстүрден тыс тәсілдермен сурет салуда әртүрлі құралдарды қолдана отырып, өзіндік ерекше және мәнерлі бейне жасауға үйрену;
-Сурет салудың дәстүрден тыс әдіс-тәсілдерін қолдану арқылы шығармашылығын дамыту;
-Бастаған жұмыстарын аяғына дейін жеткізе білуге, командамен жұмыс жасай білуге тәрбиелеу.
Студенттер мен педагогтардың шығармашылық қабілетерін дамытып ,өзіндік қиялдарына ерік беру мақсатында «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту»кафедрасының апталығына орай 3 курс студенттерімен арнайы пәндер оқытушысы Жолдыбаева Д.С. дәстүрден тыс сурет салу технологиясы бойынша шебер-сынып ұйымдастырып өткізді.Шебер-сынып барысында студенттер мен оқытушылар қызығушылық таңытып белсене атсалысты.Әсіресе саусақпен,алақанмен ,үрлеу арқылы сурет салып балалық шақтарын еске алып ,ой-қялдарына ерік берді.
Арнайы пәндер оқытушысы:Жолдыбаева Д.С.