Qostanaı oblysy ákіmdіgі Bіlіm basqarmasynyń

«QOSTANAI JOĞARY PEDAGOGIKALYQ KOLEJI» KMQK 

 1963 jyly quryldy               

Qabyldaý Bykovskıı 9 k-sі, 1B bölıgı
Qabyldaý bólіmі: +7 (7142) 26 26 41

kost_kpk@edu.mail.kz

Jazyńyz

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай Жоғары педагогикалық колледжі" КМҚК жатақханасында 7 бос орын бар. Жатақханада тұру құны айына 18 000 теңге

Жаңалықтар мұрағаты

« November 2024 »
Mon Tue Wed Thu Fri Sat Sun
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  
Бейсенбі, 24 қараша 2022 17:31

Болашақ мамандардың кәсіби құзіреттілігін қалыптастырудың басым бағыттары

Бүгінгі студент — ертеңгі маман. Еліміздегі саяси, экономикалық, мәдени, қоғамдық өміріндегі өзгерістерге сай оқу орындары үлкен жауапкершілікті сезініп, білікті, өз ісінің шебері, бәсекеге қабілетті, кең ауқымды, жан-жақты дамыған, өзінің әлеуметтік-экономикалық

және рухани дамуының мазмұны мен сипаттарының өзгеруіне және еңбек сапасына талаптың жоғарылуына байланысты өз ісін жетік білетін, кәсіби білігі мол мамандарды даярлауды көздеп отыр. Мамандар даярлауда оқу-тәрбие үдерісін жаңғырту білім саласына ене бастады. Мәселен, бүгінгі таңда академиялық еркіндікті дамыту білім беру жүйесін түбегейлі өзгертті деп айтуға болады. Білім беру реформасын жүзеге асырудағы негізгі тұлға педагог болып табылады. Мемлекеттің педагог мамандарға бағдарланған әлеуметтік тапсырысы ең алдымен, жоғары оқу орнын, балабақша, мектеп таңдау жағдайында өз бетімен жауапты шешім қабылдай алатын, ынтымақтастыққа икемді, ел тағдырына жанашырлықпен қарайтын жоғары құзіретті мамандарды қалыптастыруды көздейді. Педагогтың кәсіби құзыреттілігін қалыптастыруда педагогикалық практика үлкен рөл атқарады. Педагогикалық практиканы өту кезінде студенттің педагогикалық іскерлігі мен дағдылары жылдам қалыптасады. Оның шығармашылық және педагогикалық құбылыстарды зерттеуге деген қабілеті дамиды, педагогикалық шеберліктің негіздері қаланады. Құзіреттілік ол: білім-тәжірбие-іскерлік .Колледж және машықтама базалары бала бақшалар  арасында сабақтастықты орнату мақсатында «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» кафедрасының апталығына орай 24  қараша күні «Әлеуметтік мінез-құлық нормаларына сәйкес мектеп жасына дейінгі балалардың коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыру» тақырыбында облыстық ғылыми-практикалық конференция ұйымдастырылып өткізілді. Облыстық ғылыми-практикалық конференцияда мектепке дейінгі тәрбие және оқыту кафедрасының оқытушылары Жолдыбаева Д.С. және Кострова Л.Ю. болашақ мамандарды даярлау барысында кәсіби құзыретілігін қалыптастыратын жұмыс түрлерімен,мектепке дейінгі тәрбие және оқыту блогындағы құрал-жабдықтармен таныстырды. Облыстық ғылыми-практикалық конференцияға Қостанай қаласының № 8, № 13,№16, №61,№51, № 7,№2 ,№54, №69,№8 және ЖШС «Айгерим-Ай» балабақшасының тәрбиешілері ,логопед,психологтар қатысып, балалардың тәрбие мен оқыту барысында құзыретілігін қалыптастыратын жұмыс түрлерімен таныстырып,тәжірбие бөлісті. Отырыста  11 баяндама оқылды.Әр бір маманың оқыған баяндамалары өзекті мәселелерді көтерді. Қатысушылардың баяндамаларының
әртүрлілігін,  кәсіби маман шеберліктерінің, әрі мектепке дейінгі білім беру жүйесіндегі коммуникативтік құзыреттілікті дамытуды жоғары деңгейде  жақсы игерілгендігін атап , қатысушыларға 1,2,3 дәрежелі дипломдар мен сертификаттар табысталды.

Арнайы пәндердің оқытушы : Рахпанова Б.Г.

БЛОГ РУКОВОДИТЕЛЯ

Читать


MEMLEKETTIK SAIT

Біздің видео