Qostanaı oblysy ákіmdіgі Bіlіm basqarmasynyń

«QOSTANAI JOĞARY PEDAGOGIKALYQ KOLEJI» KMQK 

 1963 jyly quryldy               

Qabyldaý Bykovskıı 9 k-sі, 1B bölıgı
Qabyldaý bólіmі: +7 (7142) 26 26 41

kost_kpk@edu.mail.kz

Jazyńyz

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай Жоғары педагогикалық колледжі" КМҚК жатақханасында 7 бос орын бар. Жатақханада тұру құны айына 18 000 теңге

Жаңалықтар мұрағаты

« November 2024 »
Mon Tue Wed Thu Fri Sat Sun
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  
Дүйсенбі, 28 қараша 2022 09:27

Жас мамандармен жүргізілетін жұмыстарды ұйымдастырудың тиімді жолдары

«Ұстаз ... жаратылысынан өзіне
айтылғанның бәрін жете түсінген, көрген, естіген
және аңғарған нәрселердің бәрін жадында жақсы
сақтайтын, бұлардың ешнәрсені ұмытпайтын ...
алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі ..., мейлінше шешен,
өнер-білімге құштар, аса қанағатшыл жаны асқақ
және ар-намысын ардақтайтын, жақындарына да,
жат адамдарына да әділ .., жұрттың бәріне ...


жақсылық пен ізгілік көрсетіп ... қорқыныш пен
жасқану дегенді білмейтін батыл, ержүрек болуы
керек».
Әл-Фараби

Жас мамандар мектебінің басты  мақсаты - өзіндік ой- көзқарасын ашық айта алатын, өмірге бейім тұлға қалыптастыру болса, оған педагогтың шәкіртіне деген сүйіспеншілігі, оны тұлға ретінде бағалауы баланың адамдық қасиеттерінің  дамуына басты кепіл бола алады. Жас маманың жаңа жұмыс орнына бейімделуіне келесі факторлар әсер етеді: жас маманның  дайындығы, құндылықтар жүйесі, топпен қатынас, жұмыс туралы ақпарат алу, танымдық іс әрекетін реттеуі, өмірлік жоспарымен қызығушылығы, мотиві, құндылық бағдарлардың басым болатын түрі, ұмтылысы, өзіндік бағалауы, мінез — құлқын саналы басқара алуы, сонымен қоса  бейімделу кезінде еңбек  іс- әрекетінің негізгі ерекшеліктерімен жаңа топпен қатынас жасауын және үйреніспеген дағдыларын анықтайды. Жас маман мектебі – бұл жас педагогтардың табысты бейімделуіне ұйымдастырушылық-әдістемелік жағдай жасау. Бұл мақсат келесі міндеттерді шешу арқылы жүзеге асады: педагогтардың әдістемелік деңгейін көтеру; жас оқытушыға колледж ұжымына бейімделуге көмектесу; жас педагогтардың кәсіби дағдыларын дамытуға, өзін-өзі жүзеге асыруға және өзін-өзі дамытуға жағдай жасау. Педагогтардың кәсіби-педагогикалық қасиеттерін қалыптастыру, жетілдіру жұмысына сапалық серпіліс жасауға жас мамандар мектебінің алатын орны ерекше .Қостанай педагогикалық колледжінде жас мамандар мектебі педагогтарға әдістемелік көмек беру мақсатында қарқынды жұмыс жасайды.Ай сайын  жас мамандар отырыстары ұйымдастырылып,колледждін білікті мамандар өз тәжірбиелеімен бөліседі.Әр ай сайын жоспарланған жұмыс жемісті аяқталып,жас педагогтардың көңілінен шығып,педагогикалық ұжымға бейімделуіне өз септігін тигізуде.Қараша айында Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту кафедрасының оқытушылыры дөңгелек үстел өткізді.Дөңгелек үстелде Молдабаева А.У-жас мамандардың бейімделуіндегі өзекті мәселелерді ашып айтып, өз жұмыс тәжірбиесінде болған қиындықтармен бөлісті.Рахпанова Б.Г. –аралық аттестатау бойынша қысқаша нұсқаулықтар беріп,әр бір студенттермен жүргізілетін жұмыс түрлерінің маңыздылығын атап көрсетті .Дөңгелек үстелдің басты мақсаты жас педагогтарды жұмыста туындайтын мәселелердің шешімін белсенді іздеуге ынталандыру.Оқылған баяндамалар бойынша қысқаша нұсқаулық ретінде  жадынамалар үлестіріліп берілді. Дөңгелек үстел қатысушыларымен «ыстық картоп» тренинг-ойын жүргізіліп,жас мамандар көкейтесті сұрақтарға ашық жауап беріп,көңілді қатысты. Жас мамандар мектебінің жетекшісі Кусеубаева Ж.А. барлық жас мандармен жеке жұмыстар жүргізіп,әр отырысты қызықы және мазмұнды өткізуге атсалысып,дөңгелек үстел  қатысушылар ұсынылған ақпараттың өзектілігін,бірлесе жасаған іс өнімді болатының атап өтті.

Жолдыбаева Д.С., преподаватель
кафедры дошкольного воспитания

БЛОГ РУКОВОДИТЕЛЯ

Читать


MEMLEKETTIK SAIT

Біздің видео