Qostanaı oblysy ákіmdіgі Bіlіm basqarmasynyń

«QOSTANAI JOĞARY PEDAGOGIKALYQ KOLEJI» KMQK 

 1963 jyly quryldy               

Qabyldaý Bykovskıı 9 k-sі, 1B bölıgı
Qabyldaý bólіmі: +7 (7142) 26 26 41

kost_kpk@edu.mail.kz

Jazyńyz

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай Жоғары педагогикалық колледжі" КМҚК жатақханасында 7 бос орын бар. Жатақханада тұру құны айына 18 000 теңге

Жаңалықтар мұрағаты

« November 2024 »
Mon Tue Wed Thu Fri Sat Sun
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  
Дүйсенбі, 28 қараша 2022 09:34

Уақыт теңсіздігі

«Житс- қатерлі дерт» -демекші соның алдын алу мақсатында  біз аурудың себептерін, белгілерін, асқынуларын және оның таралуының алдын алу жолдарын егжей -тегжейлі түсіндірумен қатар, неліктен екенін түсіндіру мақсатында М-41 тобында куратор сағаты өткізілді.

Куратор сағатымыз айталық, ЖИТС-тің адам баласына әкелетін зияндылығын түсінідіріп,студенттерді ЖИТС-ке қарсы күресуге шақыру,ғасыр індеті жайында сипаттама беру аясында жұмыстар жүргізілу арқылы жүзеге асты. ЖИТС – бұл бойдағы қорғаныш қабілетінің әбден әлсіреуінен туындайтын синдром, адам организміндегі иммундық жүйені бұзатын және бүкіл аурулар қатарына төтеп беретін мүмкіндігін жоқ қылып, өлімге әкеп соқтыратын дерт болып табылады. Бүкіл дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегі бойынша осы аурумен ауыратын 65млн адам тіркелген және 25млн адам кейінгі жылдары осы дерттен қайтыс болған. ЖИТС – үміті жоқ болашақ, оған бүкіл дүние көмектесе алмайтын дерт. ЖИТС адамға көп бақытсыздық әкелетін қатерлі, жазылмайтын қауіп. «Әрбір жаманшылықтың жағасында тұрып, адамның адамдығын бұзатын жаманшылықтан бойын жинақтау, бұл адамға нұр болады» — деп Абай атамыз айтқандай әр студент аурудың алдын алу үшін ауырмай тұрып, ауырмайтын жол іздеу қажет. Студенттер болса бар білімдерін ортаға салып пікірлерін айтып өтті. Әр адам баласы салауатты өмір салтын ұстану, жеке бастың тазалығын сақтау арқылы айналасындағыларға дерттің алдын алуға мүмкіндік жасауы қажет екендігін талқылып өттік. Сол себепті студенттеріміздің санасына адам баласын аздыратын жаман жұқпалы аурулардан аулақ болу жақтарын мысалдармен дәлелдеп, бейнебаян арқылы түсіндіріп өттік.  Сол себепті менің ойымша қауіпті дерттің алдын алу мақсатында сынып сағаттары,жұмыс түрлері әрдайым жүргізіліп отыруы қажет .Бүгінгі  ғасыр дерті  туралы алған мағлұматтарын студенттерден сауалнама жүргізе отыра қорытындылап шықтық.
Ауруды жұқтырмау, жаман әдеттерден бойды аулақ ұстау өз қолымызда, салауатты өмірде – жарқын болашақта өмір сүрейік!

М-41 тобының студенті
Хасенова Венера
топ жетекшісі Сейлова Ляззат Алдабергеновна

БЛОГ РУКОВОДИТЕЛЯ

Читать


MEMLEKETTIK SAIT

Біздің видео