Мамандық… «Мамандық» сөзінің өзі латын тілінен аударғанда: «жұрт алдында сөйлеу, жариялау» дегенді білдіреді екен. Заман өзгерген сайын, адам да жетіліп, нарықтық қарым-қатынас пайда болып, қоғам дамып, дүниеге түрлі жұмыс, сәйкесінше, түрлі мамандық келе бастады.
Мамандық таңдау деген — өзің айналысқың келетін жұмысты таңдау ғана емес, өзің араласқың келетін ортаны да таңдау. Мамандық – қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі. Біреулер үшін – ол ойға алған арманның орындалуы, отбасы дәстүрін жалғастыру, келесі біреулер үшін – жаңалыққа, дербестікке талпыныс. Мамандық таңдау – тағдырыңды таңдау деген сөз. Кейінгі өмірде өкінбейтіндей, өз қабілеті мен бейімділігіне сай кәсіп түрін таңдау. Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйенуі керек.
«Филология» кафедрасы апталығының аясында Қостанай педагогикалық колледжінің 60 жылдығына арналған «Колледж - менің мамандығымның негізі» атты шығарылым топтар арасында эссе байқауы өтті. Байқауға қатысқан әрбір түлек өздерінің колледж қабырғасында өткен төрт жыл ішіндегі қызыққа толы студенттік өмірлері және мамандыққа барар жолдың қиындығын мен жетістіктері туралы пікірлерімен бөлісті. Колледждің берері мол екенін тілге тиек ете отырып, ҚПК түлектері болғандарын мақтан ететіндерін айтты. Эссе жазуға қатысқан әрбір студенттің пікірі құнды да мағыналы. Еңбектері елеулі болған студенттер: М-41 тобының студенттері Исмагулова Асем, Қаби Қаламқас, Айбарқызы Аруна, Ак-41 Жусупова Ажар, Галямова Камила, Т-41 Рамазанова Ляззат, В-32 Кенжетаева Сабина, Заворотнищева Юлия, Лобада Анастасия, У-41 Сандыбекова Регина, У-32 Вдовина Ирина, Гришко Дарья.
Қанаттарың талмасын, жас мамандар!
Жармухамбетова Алтынгуль Алдабергеновна
«Филология» кафедрасының оқытушысы