Qostanaı oblysy ákіmdіgі Bіlіm basqarmasynyń

«QOSTANAI JOĞARY PEDAGOGIKALYQ KOLEJI» KMQK 

 1963 jyly quryldy              

Qabyldaý Bykovskıı 9 k-sі, 1B bölıgı
Qabyldaý bólіmі: +7 (7142) 26 26 41

kost_kpk@edu.mail.kz

Jazyńyz

01140100 Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі, біліктілігі 4s01140101 бастауыш білім беру мұғалімі, орыс тілі, 3 курс, негізгі орта білім беру базасында бір бюджеттік орын босады.

Жаңалықтар мұрағаты

« March 2024 »
Mon Tue Wed Thu Fri Sat Sun
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31
Бейсенбі, 05 қаңтардың 2023 15:32

Спорт алаңындағы әлеуметтік серіктестермен дәстүрлі кездесулер

Кәсіптік білім берудегі әлеуметтік әріптестік-кез келген оқу орнының жұмыс бағытының ерекше түрі.

Осы ынтымақтастық шеңберінде әлеуметтік әріптестермен тұрақты түрде бірлескен отырыстар, дөңгелек үстелдер, конкурстар, іскерлік кездесулер, семинарлар, педагогикалық және әдістемелік кеңестер, конференциялар, шеберлік сыныптары өткізіледі, онда білікті мамандарды даярлаудың жолдары мен мүмкіншіліктері талқыланады және түзетіледі.

2021-2022 оқу жылында колледждің әлеуметтік серіктестерімен өзара қарым-қатынас нысандарын кеңейту туралы шешім қабылданды. Мәселен, 2022 жылдың қаңтар айында Қостанай қаласындағы № 23 мектеп, мектепке дейінгі балалар мекемелері педагогтарының, мәдениет мекемелері қызметкерлерінің және колледж оқытушыларының қатысуымен спорттық эстафета өткізілді. 2022 жылдың наурыз айында – колледж командалары мен Қостанай қаласының №23 жалпы білім беретін мектебі арасындағы волейболдан достық кездесу, 2022 жылдың 26 мамырында Қостанай педагогикалық колледжінің спорт алаңының аумағында №20, 23 жалпы білім беретін мектептердің командалары мен колледж педагогтары арасында туристік эстафета ұйымдастырылды. Дене шынықтыру оқытушылары өңірлік дене шынықтыру және балалар мен жасөспірімдер туризм орталығымен бірлесіп осы іс-шараны ұйымдастырып, өткізді.

Бүгін 2023 жылдың 5 қаңтарында колледждің спорт залында Қостанай қаласының №10 және №19 жалпы білім беретін мектептерінің мұғалімдері, колледж командалары кездесті. Дене шынықтыру пәнінің оқытушысы М.М. Дюсекеева педагогика және психология кафедрасы педагогтарымен бірлесіп спорттық эстафеталар ұйымдастырды. Жарыс бірлескен, позитивті және қызықты түрде өтті. Айта кету керек, дене шынықтыру пәнінің оқытушылары және СӨС бағыты бойынша сабақтан тыс жұмыстарда студенттер мен оқытушылар үшін қолдана алатын тапсырмалар қолданылды. 

Кездесу қорытындысы бойынша № 19 жалпы білім беретін мектептің командасы 1 орынды, колледж командасы екінші орынды және № 10 жалпы білім беретін мектептің командасы 3 орынды иеленді.

Қостанай педагогикалық колледжі әлеуметтік серіктес мектеп директорлары Орынкуль Балгабаевна Баяхметова мен Анар Алибековна Кабдулиноваға ынтымақтастығы үшін алғыс білдіреді. Колледж Білім беру және мәдениет мекемелері үшін кадрлар даярлау ісінде, сондай-ақ жалпы білім беру және мәдениет саласын дамытуда әлеуметтік әріптестермен бірлескен қызмет нысандары үшін әрқашан ашық!

Директордың ОПЖ жөніндегі орынбасары К. С. Жунусова

БЛОГ РУКОВОДИТЕЛЯ

Читать


MEMLEKETTIK SAIT

Біздің видео