Осындай кәсіби бағдар беру іс-шараларының бірі 2023 жылдың 2 ақпанында сағат 13:30-да Абай атындағы №27 орта мектеп базасында өткізілді. Акт залына жиналған 9 сынып оқушыларына Қостанай педагогикалық колледжінің қызметі туралы толық ақпарат беріліп, мамандықтарға түсу талаптарымен таныстыру өткізілді. Іс-шараның жүргізілу мақсаты - 9-сынып оқушыларының қызығушылығын ояту, оларды колледжге оқуға шақыру. Кездесу барысында колледждің өмірі мен материалдық-техникалық базасы туралы презентация мен бейнематериалдар көрсетілді. . Оқушылар мұқият тыңдап, сұрақтар қойды.
Оларды ең қатты қызықтырған мамандықтар: шет тілі мұғалімі және информатика мұғалімі. Сондай-ақ қабылдау комиссиясының төрайымы С.В.Солодованың ұсынысы бойынша Климов әдісі бойынша «Болашақ мамандығын түрін анықтау» тақырыбында талапкерлермен сауалнама жүргізілді.
Кәсіби бағдар беру іс-шарасының өткізілу мақсаты орындалды, мектеп оқушыларының қызығушылығын тудыра алдық деген ойдамын.
Жаратылыстану-гуманитарлық пәндер
кафедрасының оқытушысы
Демесинова Жанна Болатовна