Qostanaı oblysy ákіmdіgі Bіlіm basqarmasynyń

«QOSTANAI JOĞARY PEDAGOGIKALYQ KOLEJI» KMQK 

 1963 jyly quryldy               

Qabyldaý Bykovskıı 9 k-sі, 1B bölıgı
Qabyldaý bólіmі: +7 (7142) 26 26 41

kost_kpk@edu.mail.kz

Jazyńyz

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай Жоғары педагогикалық колледжі" КМҚК жатақханасында 4 бос орын бар. Жатақханада тұру құны айына 18 000 теңге

Жаңалықтар мұрағаты

« December 2024 »
Mon Tue Wed Thu Fri Sat Sun
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          
Сейсенбі, 07 ақпанның 2023 17:49

Педагогикалық олимп

  2023 жылдың 7 ақпанында Қостанай педагогикалық колледжінде өтіп жатқан «Педагогика және психология» кафедрасының «Педагог: мамандық, кәсіп, өнер» апталығы аясында 3 курс арасында «Педагогика» пәнінен педагогикалық олимпиада өтті.

Іс-шараның мақсаты – педагогика ғылымы саласындағы дарынды жастарды анықтау, болашақ мұғалімдерді даярлау сапасын арттыру, студенттердің таңдаған мамандығына, педагогикалық цикл пәндерін терең меңгеруіне қызығушылықтарын арттыру, әлеуетті кадрларды қалыптастыру. ғылыми-зерттеу, оқу және инновациялық қызмет арттыру
Олимпиада екі кезеңнен тұрды: 1 кезең – тест тапсырмаларын шешу, 2 кезең – критерийлер бойынша педагогикалық жағдаяттарды шешу. Бұл іс-шараға «Бастауыш білім беру» мамандығының студенттері қатысты. Қазылар алқасының құрамында педагогика және психология кафедрасының оқытушылары Кокенова Д.К., Алимбаева Г.Б., Сандыбаева А.Б., Ибрагимова А.С. кірді. Екі кезеңнің нәтижесінде келесі нәтижелер анықталды:
1 орын: Горбунова Елизавета, Ар-31 тобының студенті;
2 орын: Абдирова Аружан, М-31 тобының студенті, Аманжол Алишер,  Ар-34 тобының студенті;
3 орын:, Руснак  Татьяна, У-32 тобының студенті, Сатубалдинов Дархан, Ар-31 тобының студенті;
Жеңімпаздарды құттықтап, барлық қатысушыларға алғыс айтамыз! Сізге алдағы уақытта жеңістер мен жетістіктер тілейміз!

Педагогика және психология кафедрасының оқытушысы Алимбаева Г.Б

БЛОГ РУКОВОДИТЕЛЯ

Читать


MEMLEKETTIK SAIT

Біздің видео