«WorldSkills Kazakhstan – 2023» чемпионатына іріктеу сайысы болды.Сайысқа 1,2,3 курс студенттері өтініш беріп 15 студент қатысты. Басты мақсат -бұл ең алдымен жастардың өз мамандығына деген қызығушылықты артыру. Жетістікке жету мүмкіндіктерін айқындау. Айта кетейік, WorldSkills халықаралық қозғалысы жұмысшы мамандықтарының беделін арттыруға және оларды танымал етуге бағытталған әрі білікті кадрларды даярлауда жаңа трендтер жасайды. Конкурсқа 16 мен 18 жас аралығындағы жас буын өкілдері қатысты. Бұл кәсіби тұрғыда жарқын болашаққа алғашқы қадам деп есептеуге болады.Сайыс үш кезенең құрлған:
І кезең «5 минутта үйретемін» (Бұл кезеңде студенттер 5 минутын ішінде қағаздан,әр түрлі табиғм материалдардан балалардың ұсақ қол моторикасын,шығармашылық қабілетерін дамыту мақсатында )тапсырмалар орындап,өз кәсіби дағдыларын көрсетуге тырысты.
ІІ және ІІІ кезең «Ойнайық та,ойлайық » (Бұл кезеңде студенттер бірнеше ойындар түрлерін ұйымдастырып ,өткізу әдісін көрсетті.) Заманауи технологияларды қолдану арқылы ойын іс-әрекетін ұйымдастырып балалармен қарым-қатынас жасау тәсілін көрсетті. Сайысты «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» кафедрасының оқытушылары Молдабаева А.У және Падкалюк Л.Н. ұйымдастырып өткізді.Әділ қазылар алқасы құзыретті мамандар құрамынан құрылып,әділ бағаланды. Сондай-ақ, әділ қазылар алқасы биылғы жылы қатысушылардың жоғары дайындық деңгейін атап өтті.
Абжанова А.Қ.., Рахпанова Б.Г., Жолдыбаева Д.С..,
Қостанай педагогикалық колледжі. Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту бөлімінің оқытушылары