Qostanaı oblysy ákіmdіgі Bіlіm basqarmasynyń

«QOSTANAI JOĞARY PEDAGOGIKALYQ KOLEJI» KMQK 

 1963 jyly quryldy              

Qabyldaý Bykovskıı 9 k-sі, 1B bölıgı
Qabyldaý bólіmі: +7 (7142) 26 26 41

kost_kpk@edu.mail.kz

Jazyńyz

01140100 Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі, біліктілігі 4s01140101 бастауыш білім беру мұғалімі, орыс тілі, 3 курс, негізгі орта білім беру базасында бір бюджеттік орын босады.

Жаңалықтар мұрағаты

« May 2024 »
Mon Tue Wed Thu Fri Sat Sun
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    
Бейсенбі, 09 ақпанның 2023 15:25

МАМАНДЫҚТЫ ДҰРЫС ТАҢДАУ - БАЯНДЫ БОЛАШАҚТЫҢ БАСТАУЫ

   Кез келген мектеп түлектері үшін мамандық таңдау ең күрделі және жауапты қадам. Әрбір азаматтың мұқияттылығын қажет ететін жауапты іс. Болашақ түлектер үшін таңдаған мамандығы бойынша сапалы білім беріп, өз ісінің маманы болып шығуда білім беру мекемесінің де атқаратын рөлі зор.

   Осыған байланысты болашақ түлектерге өз таңдауларын жасауға көмектесу мақсатында 2023 жылдың 8-ақпан күні Мариям Хакимжанова атындағы жалпы білім беретін  №20 мектебінде Қостанай қаласындағы колледж оқытушыларының қатысумен «Мамандықты дұрыс таңдау - баянды болашақтың бастауы» атты мектеп түлектермен кездесу өткізді. Кездесуде Қостанай жоғары политехникалық, Қостанай гуманитарлық және Қостанай инженерлі-экономикалық колледждері оқытушылары ата-аналар мен оқушыларға кәсіби-бағдарлық ақпарат берді. Біздің, Қостанай ипедагогикалық колледжіміздің атынан филолгия кафедрасының меңгерушісі, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Кенжегарина Алмагуль Алмухановна және М-41 тобының студенттері Сандыбекова Ж.Н., Қаби Қ.Н., Хасенова В.Н. барып қайттық. Кездесуде колледжіміздің жаңа оқу жылындағы мамандықтармен кеңірек таныстырып, колледжіміз жайлы жан-жақты ақпарат берілді. Болашақ талапкерлерге колледжіміздің ерекшеліктерімен, болашақта беретін мүмкіндіктерімен бөлісіп, студенттеріміздің жетістіктерімен таныстырып қайттық. Талапкерлерге болашақта колледжімізге қабылдауға қажетті құжаттармен таныстырып, жалпы негізгі ақпараттарды беріп өттік. Колледжіміздің бітіруші түлектері өз ойларымен бөлісіп, колледж қабырғасындағы қызықтарын әңгімелеп берді. Мектеп түлектері мен ата-аналар кездесу барысында туындаған сұрақтарын қойып, қызықтыратын сауалдарына жауап алды.

Филология кафедрасының меңгерушісі: Кенжегарина А.А.
М-41 тобының студенті: Сандыбаева Ж.

БЛОГ РУКОВОДИТЕЛЯ

Читать


MEMLEKETTIK SAIT

Біздің видео