Сабақтың мақсаты көшбасшылық туралы түсініктерді анықтау және дамыту, білім алушылардың көшбасшылық және шығармашылық әлеуетін дамыту болды. Сабақ барысында УПБ – 12 тобының білім алушылары болашақ мамандардың soft – hard – self skills дамытуға бағытталған шығармашылық тапсырмаларды орындады. АКТ қолдану білім алушылардың танымдық белсенділігін арттыруға ықпал етті. Интерактивті тапсырмалар, психологиялық көңіл-күй мен рефлексия әдістері де өз қызметін талдай білуге бағытталған.
Апталықтың қорытындысы салтанатты жабылу рәсімімен өтті. Салтанатты шарада "Колледж менің объективімде", "Көңілді старттар" және "Педагогикалық олимп" байқауларының жеңімпаздары жарияланды.
Әріптестер мен білім алушыларға кафедра апталығының іс-шараларына қатысқаны үшін алғыс айтамыз
Кафедра меңгерушісі: Кокенова Д.К.