Qostanaı oblysy ákіmdіgі Bіlіm basqarmasynyń

«QOSTANAI JOĞARY PEDAGOGIKALYQ KOLEJI» KMQK 

 1963 jyly quryldy              

Qabyldaý Bykovskıı 9 k-sі, 1B bölıgı
Qabyldaý bólіmі: +7 (7142) 26 26 41

kost_kpk@edu.mail.kz

Jazyńyz

01140100 Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі, біліктілігі 4s01140101 бастауыш білім беру мұғалімі, орыс тілі, 3 курс, негізгі орта білім беру базасында бір бюджеттік орын босады.

Жаңалықтар мұрағаты

« April 2024 »
Mon Tue Wed Thu Fri Sat Sun
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          
Сәрсенбі, 15 ақпанның 2023 14:05

САПАЛЫ БІЛІМ – ТАБЫСТЫ МАНСАПҚА АПАРАТЫН ЖОЛ!

Білім басы - бейнет, соңы - зейнет.Мамандық таңдау – адамның болашағын айқындайтын, үлкен өмірге бастайтын қадамдардың бірі. Алтын ұя мектебінің қабырғасынан ұшатын түлек болашақ мамандық таңдау туралы ойлана бастайтыны белгілі.

Болашақта жақсы, білімді, қажетті маман иесі болу әрбір оқушының алға қойған мақсаты, арманы десек те болады. Кәсіби бағдар  – білім алушының кәсіби қызығушылығына, жеке қабілеттері мен психофизиологиялық ерекшеліктеріне сәйкес білім алудағы және кәсіби саладағы мүмкіндіктерді, мамандықты және оқу орнын еркін әрі саналы түрде таңдау құқықтарын іске асыруда ақпарат беру және консультациялық көмек көрсету.  Мектеп бітіруші түлектерге дұрыс мамандық таңдауға бағыт-бағдар беру мақсатында  15 ақпан күні Қостанай қалалық № 9, №122 мектептер мен Ұзынкөл ауданының мектептері арасында «Сапалы білім-табысты мансапқа апаратын жол» атты мектеп түлектерімен онлайн кездесу ұйымдастырылды. Кездесудің мақсаты жастарға колледждегі мамандық түрлері туралы ақпарат беру, ұйымдастырушылары филология кафедрасының оқытушылары  Сейлова Ляззат Алдабергенова мен Кудиярбекова Айгуль Максутовна.  Болашақ түлектерге колледжіміз туралы  мағлұматтар берілді. Колледждің заманауи материалдық-техникалық базасы, оқытушылардың сапалық құрамы, мәртебелі түлектер және ерекшеліктерін баяндалды. Білім ордамыздың стратегиялық бағыт-бағдарын, оқу-тәрбие процессіндегі жетістіктерді насихаттайтын бейнебаян көрсете отыра оқушылардың өз қабілеттері мен талаттарын ашуға мүмкіндік бердік. Атап айтқанда, озық тәжірбиесі мен бай тарихы бар «Бастауыш білім беру» «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту»  т.б білім ордамыздағы мамандықтарды таныстырып шықтық. Сонымен қатар колледжімізге қабылдауға қажетті құжаттармен таныстырып, қойылатын талаптар туралы ақпарат бердік. Мектеп оқушылары өздерінің көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, колледжіміз туралы толық ақпарат  алды.

Сейлова Ляззат Алдабергеновна,
Филология кафедрасының оқытушысы

БЛОГ РУКОВОДИТЕЛЯ

Читать


MEMLEKETTIK SAIT

Біздің видео