Qostanaı oblysy ákіmdіgі Bіlіm basqarmasynyń

«QOSTANAI JOĞARY PEDAGOGIKALYQ KOLEJI» KMQK 

 1963 jyly quryldy               

Qabyldaý Bykovskıı 9 k-sі, 1B bölıgı
Qabyldaý bólіmі: +7 (7142) 26 26 41

kost_kpk@edu.mail.kz

Jazyńyz

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай Жоғары педагогикалық колледжі" КМҚК жатақханасында 7 бос орын бар. Жатақханада тұру құны айына 18 000 теңге

Жаңалықтар мұрағаты

« November 2024 »
Mon Tue Wed Thu Fri Sat Sun
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  
Жұма, 17 ақпанның 2023 09:37

Мемлекеттік қызмет-халық игілігіне адал еңбек!

   Мемлекеттік қызмет,  менің ойымша аты айтып тұрғандай, өз ішіне барлық жақсы комбинацияны құрайды. Мемлекеттік қызмет  жалпы қазіргі уақытта халыққа, елімізге компетентті, адал қызмет көрсету.

   16.02.2023ж.  Мемлекеттік қызметшілердің  ашық есік күніне колледжіміздің М-41, Ар-41, В-32 топтарының студенттері және  ЧМУ мен ҚӨУ   студенттері мемлекеттік көмек көрсету орталығына экскурсияға бардық.  Мемлекеттік қызметшілер қоғамның жағдайы мен дамуына орасан зор әсер етеді, өйткені олардың қызметтің барлық саласына ықпал ету мүмкіндігі бар. Мемлекеттік органдардың өкілдері ретінде олар қаржылық және әлеуметтік қамсыздандыру, денсаулық сақтау және білім беру және т.б. мәселелермен айналысады. Дегенмен, мемлекеттік қызметшілер қай салада жұмыс істесе де, олардың негізгі бағыты – заң. Бұл кәсіптің өкілдері әлеуметтік процестерді басқарады, мемлекетке тиесілі ресурстарды бөледі. Олар құжаттық істерді жүргізіп, азаматтарды қабылдайды. Сонымен қатар, ол жиі түрлі жиналыстарға, конференцияларға, кездесулерге қатысуға мәжбүр.
   Қазіргі қоғамда кейбір болып жатқан мәселелер бойынша, атап айтқанда, мемлекеттік қызметке сенбеу,  олардың пара алуы, немесе басқа да халық   наразылығы мен мотивтері туындайтыны шындық. Экскурсия барысында қазіргі біздің қоғамда мемлекеттік қызметтің және сол жерде жұмыс жасайтын мемлекеттік қызметкерлердің адал, әрі өз жұмысына нық берілгені екендігіне көзіміз жетті. Ол жерде қазіргі біздің қоғамымызға деген қандай мәселелер туындап жатқандығы туралы, және мемлекетке, қоғамға қандай пайда тигізуге болатыны туралы айтылды. Студенттер өз сауалдарын қоя отыра, қазіргі кезде мемлекеттік қызметке сай оқыту және оқу барысында өтемақы алуға болатындығы туралы білдік. Мемлекеттік қызметте жұмыс жасау үшін қандай құжаттар тапсыруға болатындығы туралы, арнайы курстар оқу керектігі туралы айтылды. Жас мамандарға әрқашан есік ашық екендігін біліп, көптеген мәліметтер алып қайттық.

Филология кафедрасының оқытушысы:
Сейлова Ляззат Алдабергеновна
М-41 тобының студенті: Молдабек Дана

БЛОГ РУКОВОДИТЕЛЯ

Читать


MEMLEKETTIK SAIT

Біздің видео