Qostanaı oblysy ákіmdіgі Bіlіm basqarmasynyń

«QOSTANAI JOĞARY PEDAGOGIKALYQ KOLEJI» KMQK 

 1963 jyly quryldy               

Qabyldaý Bykovskıı 9 k-sі, 1B bölıgı
Qabyldaý bólіmі: +7 (7142) 26 26 41

kost_kpk@edu.mail.kz

Jazyńyz

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай Жоғары педагогикалық колледжі" КМҚК жатақханасында 4 бос орын бар. Жатақханада тұру құны айына 18 000 теңге

Жаңалықтар мұрағаты

« December 2024 »
Mon Tue Wed Thu Fri Sat Sun
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          
Дүйсенбі, 20 ақпанның 2023 08:23

Дәстүрлі Алтынсарин оқулары

   2023 жылғы 17 ақпанда Өмірзақ Сұлтанғазин атындағы педагогикалық институтта педагогика және психология кафедрасының мұрындық болуымен «Инновация, білім, тәжірибе – білім беру жолының бағыты.

    Ы.Алтынсарин оқулары» тақырыбында онлайн режімінде халықаралық  ғылыми -практикалық конференция  өтті. Аталмыш білім ордасында ұлы ағартушы-педагог оқуларын өткізу дәстүрге айналған.
   Конференция жұмысын педагогика ғылымдарының кандидаты, педагогика және психология кафедрасының профессоры Б.М.Өтегенова мен кафедра меңгерушісі Шынар Демесінова жүргізіп отырды. Құттықтау сөз А.Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінің әлеуметтік тәрбие жөніндегі проректоры Нұрлыхан Темірбековке берілді.
   Сөз алған спикерлер қатарында Е.В. Бережнова, Б.А. Матаев, Т.И. Набатникова болды. Мәскеу халықаралық қатынастар институты және ЮНЕСКО профессоры, педагогика ғылымдарының докторы Елена Викторовна Бережнова «Жоғары мектеп оқытушысы қызметінің құндылық негіздері», Берік Айтпайұлы Матаев «Кәсіби даярлау жағдайында  студенттердің «мен» концепциясын дамытудың ғылыми негіздері», ал Т.И. Набатникова «Мұғалімдерді кәсіби қолдау: Қостанай облысындағы білім беру кеңістігіндегі жаңаша және перспективалық ойлау» тақырыптарында сөз сөйледі.
   Сондай-ақ секция жұмысы «Ы.Алтынсарин мен С.Көбеевтің білім берудің заманауи бағытындағы ағартушылық идеяларының үндестігі», «Білім беру практикасындағы ақпараттық- коммуникациялық технологиялар: инновациялар мен тәжірибе», «Қазіргі білім беру үдерісіндегі педагог қызметінің трансформациясы:қиындықтар, шындықтар, перспективалар»,  «Білім беру мақсаттарына қол жеткізуде білім алушыларды психологиялық-педагогикалық қолдау» деп аталатын 4 бағытта жүргізілді.
Мен ыбырайтанушы ретінде «Ұлы ұстаздар үндестігі» тақырыбында баяндама жасап, ұлы ағартушы -педагог Ы.Алтынсарин мен педагог-жазушы С. Көбеевтің педагогикалық идеяларындағы сабақтастық турасында баяндадым. Аталмыш мақаланың негізгі түйіні: қос ұстаздың жақсы маманды қолдауы, жақсы маман болып қалыптасу үшін, көп іздену, еңбектену қажеттігін алға тартуы, яғни қазіргі  «өмір бойы оқып-үйрену»  қағидасын басшылыққа алуы.Демек, ұлы ұстаздар ұстанған жақсы маманды қолдау,педагогикалық қызметті адал, сапалы атқару бүгінгі күн талабымен үндеседі, сондықтан олардың идеясы мәңгілік өзекті болып қала бермек.

Б.Сүйінкина,
ыбырайтанушы,
ҚР білім беру саласының құрметті қызметкері

БЛОГ РУКОВОДИТЕЛЯ

Читать


MEMLEKETTIK SAIT

Біздің видео