Qostanaı oblysy ákіmdіgі Bіlіm basqarmasynyń

«QOSTANAI JOĞARY PEDAGOGIKALYQ KOLEJI» KMQK 

 1963 jyly quryldy               

Qabyldaý Bykovskıı 9 k-sі, 1B bölıgı
Qabyldaý bólіmі: +7 (7142) 26 26 41

kost_kpk@edu.mail.kz

Jazyńyz

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай Жоғары педагогикалық колледжі" КМҚК жатақханасында 7 бос орын бар. Жатақханада тұру құны айына 18 000 теңге

Жаңалықтар мұрағаты

« November 2024 »
Mon Tue Wed Thu Fri Sat Sun
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  
Сейсенбі, 28 ақпанның 2023 15:11

Алғыс айту- парызым!

         Алғыс — біреудің екінші біреуге ықыласын білдіруі, рақмет айтуы. Алғысты сөзбен немесе қимыл, іс-әрекет, заттай сыйлық беру, тіпті жақсы қарым-қатынас түрінде де білдіруге болады.

Әркім Алғыс алу арқылы өзінің басқалармен қарым-қатынасын, өмірдегі орнын бағалай алады. Қазақ халқының ұғымында неғұрлым көп Алғыс алған адам бақытты болады.

        Алғыс айту күні – бұл, ең алдымен елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған  бейбітшілік пен келісім саясатының салтанаты күні. Бұл – тағдыр тәлкегімен Қазақстан жеріне еріксіз қоныс аударған түрлі этностардың миллиондаған өкілдерінің құтты қонысына айналған қасиетті қазақ жері мен қонақжай қазақ халқына терең тағзымның белгісі. Қазақ халқы қиын-қыстау заманда олардың басына түскен ауыртпалықты қайыспай бірге көтере білді, бұл бүгінгі таңда еліміздегі түрлі ұлт өкілдерінің арасындағы адамгершілік қарым-қатынастың өнегелі өлшеміне айналды. Алғыс айту күні – сан түрлі сынақтардан өткен халқымыздың ынтымақ-бірлігін айғақтайтын ерекше күн. Бұрынғы бабаларымыздан «Жақсылық ұмытылмайды» деген жақсы ұғым қалыптасқан.

Сондықтан айтулы күн, ризашылық пен мейірімнің, бейбітшілік пен келісімнің үйлесім тапқан мерекесі.

       Адамзат баласын жақындастыратын құнды қасиет – адамгершілігі. Адамгершілігі мықты жанның әркезде де өзгелерге көмектесіп, алғыс алуы анық. Бір-біріне алғыс айту арқылы араларындағы сүйіспеншілік пен махаббатты нығайта түседі. Бұл мерекенің басты мақсаты – өскелең ұрпақтың достығы  мен бір-біріне деген құрметін арттыру. Осындай ерекше күнге орай біз өз тобымыздың арасында мерекелік іс-шара куратор сағатын өткіздік. Іс-шара өтуіне жауап берген, өткізген білім алушылар: Рамазанова Ляззат, Ювчинникова Юлия, Таева Зейнеш. Өткізілген куратор сағатында бір-бірімізге жылы лебіздер мен тілектер арнап, төрт жыл ішіндегі алғысымызды білдірдік.

      Бұл күн мейірімділіктің, бүкіл қазақстандықтардың бір-біріне деген достығы мен махаббатының жарқын мерекесі болып қалады», - деп өз айтқан. Мен өз елімде еркін өмір сүріп жатқаным үшін Қазақстан халқына, отбасымда мені шексіз жақсы көріп, бар мейірімімен тәрбиелеп жатқан ата-анама, мені қолдап әркез қасымда жүрген бауырларым мен достарыма, мені білім нәрімен сусындатып жүрген ұлағатты ұстаздарыма шексіз алғысымды білдіремін. Сіздерді 1 наурыз – Алғыс айту күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

                                                         Т-41 тобының студенті Есенғали Ұлболсын

БЛОГ РУКОВОДИТЕЛЯ

Читать


MEMLEKETTIK SAIT

Біздің видео