Qostanaı oblysy ákіmdіgі Bіlіm basqarmasynyń

«QOSTANAI JOĞARY PEDAGOGIKALYQ KOLEJI» KMQK 

 1963 jyly quryldy               

Qabyldaý Bykovskıı 9 k-sі, 1B bölıgı
Qabyldaý bólіmі: +7 (7142) 26 26 41

kost_kpk@edu.mail.kz

Jazyńyz

01140100 Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі, біліктілігі 4s01140101 бастауыш білім беру мұғалімі, орыс тілі, 3 курс, негізгі орта білім беру базасында бір бюджеттік орын босады.

Жаңалықтар мұрағаты

« May 2024 »
Mon Tue Wed Thu Fri Sat Sun
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    
Дүйсенбі, 27 ақпанның 2023 09:10

«ЖАС ҒАЛЫМ-2023» ғылыми-практикалық конференциясына қатысты

   2023   жылғы 24 ақпанда «ҚИнЭУ кәсіпкерлік колледжі» жеке мекемесі Қостанай облысы әкімдігі Білім басқармасының ТжКБ әдістемелік кабинетімен бірлесіп, Мұхтар Әуезовтің, Дінмұхамед Қонаевтың мерейтойына, Мемлекеттік рәміздердің құрылғанына 30 жыл толуына арналған «Жастар – елдің инновациялық дамуының факторы және ресурсы».

тақырыбында «ЖАС ҒАЛЫМ-2023» халықаралық қатысуымен Республикалық студенттік ғылыми-практикалық конференция ұйымдастырып, өткізді.
   Конференция зерттеу құзыреттілігін дамыту және білім алушылардың ғылыми-зерттеу, ғылыми-практикалық жетістіктерін насихаттау мақсатында өткізілді.   Студенттік   ғылыми-практикалық   конференция 9 секция бойынша ұйымдастырылды:
-  Информатика және   оқытудағы   ақпараттық технологиялар
-  Жастар. Техника. Прогресс
-  Қазіргі заманғы технологиялардың проблемалары мен даму перспективалары
-  Жаратылыстану ғылымдарының өзекті мәселелері
-  Педагогика және психология
-   Start-up. Болашақ жасөспірімдердің көзімен
-  Мұхтар Әуезов-дәуірдің ақыл-ойы мен жаны
-  Тамақ өнеркәсібінің заманауи технологиялары.
-  Экономика және менеджмент
   Конференцияға Қостанай педагогикалық колледжінің 29 білім алушысы қатысып, 22 ғылыми-зерттеу жобасын ұсынды. Қатысушылар өздерінің ғылыми-зерттеу жобаларын лайықты түрде ұсынды, өз әзірлемелерін таныстырды, тәжірибелерімен бөлісті. Ғылыми-практикалық конференцияға қатысу нәтижелері келесідей бөлінді:
1 орын - М-41 тобының білім алушысы Дана   Молдабек, жетекшісі – Л.А.Сейілова;
1 орын - Ар-21 тобының білім алушысы Амига Байбулова, Ар-31 тобының білім алушысы Сұлтан Құсайынов, жетекшісі - Г. Е. Сұлтанова;
2 орын – Ак-11 тобының білім алушылары Алтыным Әбішева және Баян-Сұлу Айтбаева; жетекшісі- Ш.М. Қайыпбаев;
2 орын - Ик-11 тобының білім алушылары Ұлпан Қалдыбаева және Әсем Тұрсынғали, жетекшісі -А.Е.Ералина;
3 орын - Т-31 тобының білім алушылары Аружан Ақбаева және Айдана Басенова,  жетекшісі – Д.Ж.Төлепова;
3 орын - Т-31 тобының білім алушысы Даяна Қасенғалиева, жетекшісі -А.А.Брахметова.
   А. Б. Шопанованың жетекшілігімен Ак-41 тобының білім алушысы Әмір Айтжан, А. А. Жармұхамбетованың жетекшілігімен М-41 тобының білім алушысы Аруна Айбарқызы, Д. А. Елеусізованың жетекшілігімен М-41 тобының білім алушысы Гүлнұр Әмірханова, З. М. Байнакатованың жетекшілігімен У-31 тобының білім алушысы Аида Елчиева, А. Б. Шопанованың жетекшілігімен Ак-41 тобының білім алушысы Айдана Ерденбаева, Ж.М.Ахметовтің жетекшілігімен М-31 тобының білім алушысы Гүлназ Қуанышова, Н. Т. Сұлтанованың жетекшілігімен Ир-11 тобының білім алушысы Данила Рец,  Д.А.Елеусізованың жетекшілігімен М-41 тобының білім алушысы Жансая Сандыбекова, Г. Б. Әлімбаеваның жетекшілігімен Ар-41 тобының білім алушысы Карина Теньшакова  түрлі номинациялардың иегерлері атанды
   Конференция қатысушыларына, ғылыми жетекшілеріне жоғары дайындық пен талпыныс деңгейі үшін алғыс айтамыз.  Жаңа жеңістер мен жетістіктер тілейміз!

М.С.Баган, әдіскер

БЛОГ РУКОВОДИТЕЛЯ

Читать


MEMLEKETTIK SAIT

Біздің видео