Qostanaı oblysy ákіmdіgі Bіlіm basqarmasynyń

«QOSTANAI JOĞARY PEDAGOGIKALYQ KOLEJI» KMQK 

 1963 jyly quryldy               

Qabyldaý Bykovskıı 9 k-sі, 1B bölıgı
Qabyldaý bólіmі: +7 (7142) 26 26 41

kost_kpk@edu.mail.kz

Jazyńyz

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай Жоғары педагогикалық колледжі" КМҚК жатақханасында 4 бос орын бар. Жатақханада тұру құны айына 18 000 теңге

Жаңалықтар мұрағаты

« December 2024 »
Mon Tue Wed Thu Fri Sat Sun
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          
Бейсенбі, 02 наурыздың 2023 14:43

«Алғыс айту – парызым!»

Алғыс алған жігіттің
аты бәйгеден бірінші келеді

   Жыл сайын 1 наурыз елімізде Алғыс айту күні аталып өтіледі.  Бұл – Қазақстан халқын біріктіруге бағытталған,

еліміздің тарихына құрмет көрсетіп, барлық ұлт пен ұлысты бір шаңырақ астына топтастыратын мереке. Азаматтардың бір-біріне құрмет білдіретін күні. Көктемнің алғашқы мерекесі болып табылатын атаулы күн – мейірімділіктің, бүкіл қазақстандықтың бір-біріне деген достығы мен ыстық ықыласының жарқын символы.
Алғыс – адамның адамға жасаған жақсылығы, көмегі, көңілі үшін ризашылық білдіруі, сондай — ақ оның ойы мен іс — әрекетіне, жасаған істеріне жоғары баға беруі.
   РХК/Муз-21 тобының студенттері 1 -наурыз көктемнің алғашқы күнімен тұспа-тұс келген Алғыс ату күні аясында  «Областық кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына»  барды. Студенттер орталықтың балаларымен «Алғыс айту - парызым» атты іс – шара өткізді. Іс – шараның мақсаты балалардың санасына мейірімділік, қайырымдылық ұғымдарын қалыптастыру, кішіпейілділікке, бауырмалдыққа баулу,  игі істердің адам үшін маңыздылығын көрсету болатын. Іс – шара жағымды атмосферада өтті, балалар мейірімділік, алғыс, жайлы әндер айттып, шығармашылық және интелектуалдық ойындар ойнады, би билеп өз өнерлерін көрсетті. Кеш соңынды топ студенттері дайындаған шағын сыйлықтар балаларға тарту етілді.

РХК/Муз -21 тобының кураторы
Тулепбаева Ж.С.

БЛОГ РУКОВОДИТЕЛЯ

Читать


MEMLEKETTIK SAIT

Біздің видео