шығармашылықпен жұмыс істейтін, талантты педагогтерді анықтау мақсатында 2023 жылдың 1 ақпанынан 15 наурызына дейінгі аралықта колледж оқытушылары үшін «Қостанай педагогикалық колледжінің үздік педагогі» кәсіби шеберлік байқауы өтті.
Өзінің кәсіби құзыреттілік деңгейін бес жылдан астам педагогикалық жұмыс өтілі; педагог-сарапшы, педагог-зерттеуші, бірінші санатты біліктілік санаттары бар колледждің жеті педагогі көрсетті. Байқау екі кезеңнен тұрды.
Байқаудың сырттай кезеңіне педагогтер электрондық форматта бір оқу сабағын (бейнесабақ), бейнеролик - озық педагогикалық тәжірибені, өз жұмысын бағалаудың сапалық және сандық көрсеткіштерін трансляциялауды, сондай-ақ «Мұғалім-мәртебелі мамандық», «Қазіргі заманғы тәрбие құндылықтарының өзекті мәселелері», «Педагогикалық менеджмент сапалы білім берудің шарты ретінде», «Педагогикалық шеберлік тәрбие және оқыту өнері ретінде» тақырыптарының біріне жазылған эсселерін ұсынды.
Күндізгі кезең оқу сабағын күндізгі форматта өткізуді көздеді.
Құрамына педагогикалық еңбек ардагерлері де, колледждің басшы қызметкерлері де кірген бағалау комиссиясының мүшелері оқу сабақтарын өткізудің жоғары әдістемелік деңгейін, заманауи білім беру технологияларын шебер меңгергенін және пайдаланғанын, білім алушыларда рефлексивті-бағалау қызметін дамыту жөніндегі жұмысты, кері байланыс пен формативті бағалау құралдарын тиімді пайдалануды, студенттерді белсенді оқуға тарту арқылы білім беру процесіне қатысушылардың сапалы өзара іс-қимылы ұйымдастырылғанын атап өтті.
Конкурстық комиссия қорытындысы бойынша байқаудың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін анықтады:
Бас жүлде және «Қостанай педагогикалық колледжінің үздік педагогі" атағы 2023 жылы конкурстық тапсырмаларды бағалау нәтижелері бойынша ең көп балл жинаған мектепке дейінгі тәрбие кафедрасының оқытушысы Ольга Владимировна Третьяковаға берілді.
Байқауда:
1 - орын педагогика және психология кафедрасының оқытушысы Валентина Ивановна Волошкоға;
2 -орын музыка және СҚШ кафедрасының оқытушысы Алла Николаевна Ковбицаға;
3 - орын жаратылыстану-гуманитарлық пәндер кафедрасының оқытушысы Жанна Болатқызы Демесіноваға берілді.
Келесі номинациялар анықталды:
«Өз ісіне адал педагог» номинациясы бойынша грамота математика және ақпараттық технологиялар кафедрасының оқытушысы Ғалия Ерденқызы Сұлтановаға;
«Жеңіске деген ерік - жігері үшін» номинациясы бойынша грамота шет тілдері кафедрасының оқытушысы Татьяна Леонидовна Кучеряваяға;
«Педагог-зерттеуші» номинациясы бойынша грамота - филология кафедрасының оқытушысы Алтынгүл Алдабергенқызы Жармұхамбетоваға берілді.
Барлық қатысушыларды құттықтаймыз! Байқау- бұл қашанда мереке! Бұл - өз жаңалықтарыңызбен бөлісу және басқалардың тәжірибесін сіңіру мүмкіндігі. Бұл ерекше әлем – қарым-қатынас, бәсекелестік, сәттілік пен жеңіс әлемі!
Құрметті қатысушылар, қызықты сабақтарыңыз, шығармашылықтарыңыз үшін Сіздерге Алғыс білдіреміз!
Татьяна Александровна Чуркина,
директордың оқу-әдістемелік жұмыс
жөн. орынбасары,
Татьяна Николаевна Кравченко,
жаратылыстану-гуманитарлық пәндер
кафедрасының меңгерушісі