атты жемқорлыққа қарсы жүргізілген конференцияға қатысты. Жобаны: Нұрбек Елікбайұлы, Серік Шотбаевич, Евгений Сергеевич жүргізді. Өткізілген конференцияның жалпы мақсаты: Елдегі мемлекеттік органдарда, мемлекеттік секторда және жеке адамдардың іс-әрекетіндегі коррупциялық нышанды айқындап, сонымен күресу, қоғамда коррупцияны қабылдамау мәдениетін қалыптастыру. Ашылған «Антикор» орталығы әділдікті, парасаттылықты, сенімділікті талап етеді. Қазіргі уақыттарда адамдардың елдерге төндіретін қатерлердің ең қауіпті екендігі даусыз. Осыған байланысты Серік Шотбаевич, Евгений Сергеевич және Нұрбек Елікбайұлы өз істерін қолға алып, елдегі қауіпсіздікті, тәртіптілікті сақтау мақсатында өз ойларымен бөлісіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресетіні жайлы айта кетті.Өткізілген конференцияда жас студенттер сұрақ қоя отыра өздеріне нақты жауап алып, шағын сұхбат жүргізді. Қорытындылай келе, Елімізде сыбайлас жемқорлықтың алдағы уақытта алдын алып,оған қарсы істер жүргізілетініне сеніміміз мол.
Исабай Аружан Ак-11 тобының студенті,
жетекшісі Жармухамбетова Алтынгуль Алдабергеновна