Байқаудың мақсаты: білім алушыларға эстетикалық тәрбие беру, хореографиялық өнердің даму перспективаларын анықтау.
Конкурстың міндеттері:
- "Қостанай педагогикалық колледжінің" білім алушылары арасында белсенді бос уақытты ұйымдастыру;
- шығармашылық қабілеттерін дамыту, мінез-құлық мәдениетін тәрбиелеу және салауатты өмір салтын насихаттау;
- ең қабілетті және дарынды орындаушыларды анықтау, орындаушылық шеберліктің көркемдік деңгейін арттыру.
Конкурстық бағдарлама екі тапсырманы қамтыды:
1. Би композициясы - "флешмоб";
2. "Жұлдыздан кейін қайталаңыз", онда қатысушылар LED экранында би қимылдарын қайталады.
Байқауға 3 команда қатысты:
Т-31 тобы "Жұлдыздар" командасы - капитаны Касенгалиева Даяна
М-11 тобы "Эдельвейс" командасы - команда капитаны Копеева Анель
У-21 тобы "Шабыт" командасы - команда капитаны Сарманова Томирис.
Қазылар алқасының мүшелері: жаратылыстану - гуманитарлық пәндер кафедрасының педагогы - Рихтер Ольга Антоновна; оқу бөлімінің қызметкері - Нұрғалиева Далель Серікқызы; РТК-31 тобының студенті, халықаралық және республикалық конкурстардың лауреаты, "X. team" би ұжымының жетекшісі Фазылқан Сұлтанбек болды.
Өткізілген байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды:
М -11 "Эдельвейс" тобы-1 орын,
Т-31 "Жұлдыздар" тобы-2 орын,
У - 21 Б "Шабыт" тобы-3 орын.
Барлық командалар дайындалып, абыроймен, жоғары деңгейде өнер көрсетті! Барлығын құттықтаймыз!