Qostanaı oblysy ákіmdіgі Bіlіm basqarmasynyń

«QOSTANAI JOĞARY PEDAGOGIKALYQ KOLEJI» KMQK 

 1963 jyly quryldy               

Qabyldaý Bykovskıı 9 k-sі, 1B bölıgı
Qabyldaý bólіmі: +7 (7142) 26 26 41

kost_kpk@edu.mail.kz

Jazyńyz

01140100 Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі, біліктілігі 4s01140101 бастауыш білім беру мұғалімі, орыс тілі, 3 курс, негізгі орта білім беру базасында бір бюджеттік орын босады.

Жаңалықтар мұрағаты

« May 2024 »
Mon Tue Wed Thu Fri Sat Sun
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    
Дүйсенбі, 10 сәуірдің 2023 18:02

«Ғылымның мақсаты – адамдарға қызмет ету» атты Ғылым апталығының салтанатты ашылуы

Джордано Бруно: «Ғылым адам рухын қаһарманға айналдырудың ең жақсы жолы» - деген екен. 2023 жылғы 10 сәуірде Қостанай педагогикалық колледжінде «Ғылымның мақсаты – адамдарға қызмет ету» ұранымен ғылым апталығының салтанатты ашылуы өтті.

«Пирамида» ғылыми студенттік қоғамының қатысушылары Қазақстан Республикасы ғылымының ұлы қайраткерлері, ғұлама ғалымдардың, ізашарлардың еңбектері, мемлекет ғылымының дамуы мен қалыптасуының тарихи жолы туралы әңгімеледі. «Пирамида» ғылыми студенттік қоғамы - ғылыми-ұйымдастырушылық және зерттеу жұмыстарына қызығушылық танытатын колледж білім алушылары мен педагогтерін ерікті негізде біріктіретін қоғамдық ұйым. 2022-2023 оқу жылында «Пирамида» ғылыми студенттік қоғамының жұмысы барысында колледж білім алушылары түрлі олимпиадалардың, ғылыми-практикалық конференциялар мен семинарларға қатысты, онда жүргізіліп жатқан жұмыстың жоғары нәтижелері көрсетілді. Қостанай педагогикалық колледжінде жыл сайын Ғылым апталығын өткізу жақсы дәстүрге айналды. Бұл күндері білім алушылар мен олардың тәлімгерлері өздерінің ғылыми-зерттеу қызметінің дайын өнімдерін ұсынады.
2023 жылғы 10-14 сәуір аралығында біз Сіздерді, құрметті педагогтер мен білім алушылар, ғылым әлеміне, қызықты жаңалықтар мен жаңа мүмкіндіктерге енуге шақырамыз!

М.С. Баган, әдіскер

БЛОГ РУКОВОДИТЕЛЯ

Читать


MEMLEKETTIK SAIT

Біздің видео