Qostanaı oblysy ákіmdіgі Bіlіm basqarmasynyń

«QOSTANAI JOĞARY PEDAGOGIKALYQ KOLEJI» KMQK 

 1963 jyly quryldy               

Qabyldaý Bykovskıı 9 k-sі, 1B bölıgı
Qabyldaý bólіmі: +7 (7142) 26 26 41

kost_kpk@edu.mail.kz

Jazyńyz

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай Жоғары педагогикалық колледжі" КМҚК жатақханасында 4 бос орын бар. Жатақханада тұру құны айына 18 000 теңге

Жаңалықтар мұрағаты

« December 2024 »
Mon Tue Wed Thu Fri Sat Sun
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          
Сәрсенбі, 12 сәуірдің 2023 16:33

Кәсіптік бағдар беру жұмысы колледж контингентін қалыптастыру жүйесінің маңызды элементі ретінде.

Rate this item
(0 votes)

"Музыка және сәндік-қолданбалы шеберлік" кафедрасының негізгі мақсаты-өнер және білім беру саласында кәсіби педагогикалық қызметті жүзеге асыруға дайын бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау, бірыңғай музыкалық-педагогикалық,

көркемдік-шығармашылық және әлеуметтік ортаны құру, үздіксіз және қосымша білім беру жүйесінде жоғары білікті мамандарды даярлау.
2023 жылғы 11 сәуіріңде Қостанай педагогикалық колледжі кәсіптік бағдар беру іс-шаралары шеңберінде Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Сарыкөл ауданының білім бөлімінің Барвиновка жалпы білім беретін мектебі" КММ оқушыларына есігін айқара ашты.
Оқушыларды Муз/ДПМ- 31 тобының студенті Бейсенгулова Амина колледж мұражайымен, оқу аудиторияларымен, акт және спорт залдарымен таныстырды. Музыка және сәндік-қолданбалы шеберлік кафедрасының жеке оқу кабинеттеріменде таныстырды. Музыка және ДПМ кафедрасының барлық арнайы пәндер кабинеттері Yamaha әлемдік деңгейдегі акустикалық аспаптармен жабдықталған. Академиялық бағыттан басқа, студенттер өздерін заманауи кәсіби бағытта да жетілдіре алады.
Колледж базасында Ю.В. Лопареваның жетекшілігімен "Жүрек дауысы" және Н.А. Авдееваның жетекшілігімен "Новое поколение" атты екі студенттік вокалдық ансамбль құрылған. Ансамбльдер .халықаралық, республикалық және қалалық ауқымдағы іс-шараларға белсенді қатысады.
Мектеп оқушыларына домбыра, қобыз, қыл-қобыз, шертер, баян сияқты қазақ халық аспаптарында шеберлік сабағы өткізілді. Сондай-ақ, кафедраның шығармашылық зертханасында асатаяқ, данғыра, дауылпаз, саз-сырнай дәстүрлі қазақ аспаптары бар, олар музыкаға ерекше ұлттық нақыш береді.
Оқытудың заманауи техникалық құралдарын кеңінен тарту музыкалық білім беру сапасын арттыруға, музыка мен музыкалық сабақтарға қызығушылықты дамытуға, өнерді тереңірек қабылдауға, өнердің әртүрлі қырлары туралы әртүрлі идеяларды қалыптастыруға, жарқын эмоционалды әсерлер жасауға ықпал етеді.
Құрметті талапкерлер сіздерді, ғажайып музыка әлемінің жаңа көкжиектерін ашу үшін күтеміз!

Музыка және ДПМ кафедрасының арнайы пәндер оқытушысы Тулепбаева Ж.С.

Read 301 times

БЛОГ РУКОВОДИТЕЛЯ

Читать


MEMLEKETTIK SAIT

Біздің видео