Qostanaı oblysy ákіmdіgі Bіlіm basqarmasynyń

«QOSTANAI JOĞARY PEDAGOGIKALYQ KOLEJI» KMQK 

 1963 jyly quryldy               

Qabyldaý Bykovskıı 9 k-sі, 1B bölıgı
Qabyldaý bólіmі: +7 (7142) 26 26 41

kost_kpk@edu.mail.kz

Jazyńyz

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай Жоғары педагогикалық колледжі" КМҚК жатақханасында 4 бос орын бар. Жатақханада тұру құны айына 18 000 теңге

Жаңалықтар мұрағаты

« December 2024 »
Mon Tue Wed Thu Fri Sat Sun
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          
Бейсенбі, 13 сәуірдің 2023 17:49

Л.Н.Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасына саяхат

Rate this item
(0 votes)

Адам баласының ең ұлы, маңызды ұлы құндылықтары - білім қазынасы, кітап қазынасы. Адам баласының сан ғасырлық ақыл-ойының жемісі, рухани қазынасы. Біздің қаламызда сол қазыналар жиналған орын бар.

Біз ақ-11 тобы қазақ тілі мен әдебиет пәнінің оқытушысы Сейлова Ляззат Алдабергеновнамен және кітапхана меңгерушісі Уразбаева Райхан Шакановнамен ғылым апталығына орай 12 сәуір күні Лев Николаевич Толстой атындағы ғылыми кітапханаға саяхат жасадық. Бұл кітапханадан біз маңызды құндылықтар мен кітаптардың алуан түрлерін көрдік. Сонымен қатар, кітапханада әрбір адам үшін жағдайлар жасалған. Тіпті көзі дұрыс көрмейтін, мүлдем көрмейтін адамдар үшін де кітап оқу мүмкіншілігі бар екен. Менің ойымша, бұл өте дұрыс қабылданған шешім. Мүмкіншіліктері азайған адамдардың да өз-өздерін дамытуға жасалған жағдайлар үлкен мақтауға ие деп білемін, өз басым. Себебі, елімізде,жалпы бұл дүниеде әрбір адамның құқығы тең болуы керек. Бұндай жағдайлардан бөлек кітапхана өте-өте қызықты кітаптарға толы. Кітапханадан үш тілдегі кітаптар тізбегін, ұлы аталарымыз туралы кітаптарды таба аламыз. Тіпті Абай атамызға, жерлес жазушы-ақындарымызға арналған бөлімдерді көріп қайттық. Жасаған саяхатымыздан өте жақсы әсер алып, сол кітапханаға деген, кітаптарға деген қызығушылығымыз ашылды. Біз болашақ ағылшын пәнінің ұстаздары болғандықтан, көңілімізде қатты сақталғаны-ағылшын бөлімі. Ол жерден өте пайдалы кітаптарды таба аламыз. Тіпті Абай атамыздың қырық бес қара сөзі қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жазылған нұсқасы бар екен. Бұл біз үшін өте керекті бөлім. Және өз басым ол жерге баратыныма сенімдімін. Жалпы кітапхана әрбір оқырманды өзіне баурай алады деп ойлаймын. Кітаптардан бөлек, бұл орынның әсемделуі, дизайны бәрі-бәрі өте жақсы негізделген. Меніңше, оқу орнының әдемі, көзге жағымды әрі ыңғайлы болуы кітап оқуға деген құштарлықты арттырады. Басқа-басқа біздің тобымызға бұл кітапхана қатты ұнады. Арасында тағы барып, кітап аламыз деп жатқан студенттер аз емес. Кітап-құнды байлық екені бәрімізге мәлім. Ал сол құндылықты өзімізге дарытып, негіздеуге кітапхана өзінің үлкен үлесін қоса білгеніне сенімдімін.

Ақ-11 тобының студенті Салкен Алина
Филология кафедрасының оқытушысы Сейлова Ляззат Алдабергеновна

Read 265 times

БЛОГ РУКОВОДИТЕЛЯ

Читать


MEMLEKETTIK SAIT

Біздің видео