Аталған іс-шараның лекторы Қостанай облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы Потоцкая Евгения Витальевна болды. Кездесуге колледждің барлық бөлімдерінен: Ак-11, Ар-21, Ар-23, ДПМ/МУЗ-21, У-31 топтарының студенттері қатысты.
Евгения Витальевна сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері және оның алдын алу әдістері туралы, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар үшін жазаның бұлтартпастығы туралы, құқықтық сананы тәрбиелеу және құқықтық мәдениетті, сондай-ақ белсенді азаматтық ұстанымды арттыру туралы айтты. Әңгімелесу барысында сыбайлас жемқорлықтың салдары және оның қоғамның әртүрлі жағдайларына кері әсері туралы мәселелер көтерілді. Кездесу барысында студенттер өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, толық, жан-жақты жауаптар алды.
КГКП «Қостанай педагогикалық колледжі»
Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы
Директордың ақпараттық технологиялар жөніндегі орынбасары,
Әдеп және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі уәкіл
Кубжасарова Ж.И.