Qostanaı oblysy ákіmdіgі Bіlіm basqarmasynyń

«QOSTANAI JOĞARY PEDAGOGIKALYQ KOLEJI» KMQK 

 1963 jyly quryldy               

Qabyldaý Bykovskıı 9 k-sі, 1B bölıgı
Qabyldaý bólіmі: +7 (7142) 26 26 41

kost_kpk@edu.mail.kz

Jazyńyz

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай Жоғары педагогикалық колледжі" КМҚК жатақханасында 4 бос орын бар. Жатақханада тұру құны айына 18 000 теңге

Жаңалықтар мұрағаты

« December 2024 »
Mon Tue Wed Thu Fri Sat Sun
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          
Дүйсенбі, 17 сәуірдің 2023 13:22

«Қазіргі заманғы өзгерістер жағдайындағы ғылым мен білімнің өзекті мәселелері» халықаралық ғылыми-парактикалық конференциясы

2023 жылдың 13 сәуірінде Ғылым апталығы аясында «Қазіргі заманғы сын-қатерлер жағдайындағы ғылым мен білімнің өзекті мәселелері» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті,

оны Қостанай педагогикалық колледжінің педагогика және психология кафедрасы ұйымдастырды. Конференция сонымен қатар Қостанай педагогикалық колледжінің 60 жылдық мерейтойына арналды.
Қостанай педагогикалық колледжінің акт залында пленарлық отырыс өтті. Пленарлық отырысқа колледж директоры, педагогика ғылымдарының кандидаты Г.У. Уразамбетова, колледждің қамқоршылық кеңесінің төрағасы С.Е.Кәрімова, колледж педагогі Б.Б.Сүйінкина қатысты. Пленарлық отырыстың спикерлері: О. Н.Евдокимова, А.Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті мектепке дейінгі және бастауыш білім беру кафедрасының қауымдастырылған профессоры, педагогика ғылымдарының кандидаты; С.А. Бейсенова, Қостанай қаласының С.Мәуленов атындағы мектеп-гимназиясы директорының оқу жұмысы жөніндегі орынбасары; Д.С.Ильясова, жаттықтырушы, профориентолог, «Founderschool» жасөспірімдер көшбасшылығы мектебінің басшысы, Көкшетау қ.; Ю.Н.Подгорная, «№1 Челябі педагогикалық колледжі» мемлекеттік бюджеттік білім беру мекемесінің бірінші біліктілік санатындағы психология оқытушысы, психология ғылымдарының кандидаты, Челябі қ.; Г.Е. Сұлтанова, «Қостанай педагогикалық колледжі»КМҚК экономика пәнінің оқытушысы.
Әрі қарай жұмыс үш секция бойынша жүргізілді:
1. Тәрбие мен оқытудың өзекті мәселелері;
2. Тұлғаның психологиялық саулығы мәселелері;
3. Білім беру ұйымдарында оқытудың практикалық аспектілері.
Қостанай, Рудный және Тобыл қалаларындағы колледждер мен мектептердің қатысушылары өз жұмыстарын қазылар алқасының мүшелеріне ұсынды. Сондай - ақ конференцияға Ресей Федерациясынан (Челябі қаласы), Беларусь Республикасынан (Минск қаласы), Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Жетісу облыстарынан (Петропавл, Көкшетау, Щучинск, Жаркент қаласы) біздің әріптестеріміз қатысты.
Конференцияға республика мен ТМД елдерінің 135 педагогі мен білім алушылары қатысқаны туралы мәлімделді!
Конференция қорытындысы бойынша үздік жұмыстар I, II және III дәрежелі дипломдармен, барлық басқа жұмыстар қатысқаны үшін дипломдармен және сертификаттармен марапатталды.

Д.К. Кокенова,
педагогика және психолгия кафедрасының меңгерушісі

БЛОГ РУКОВОДИТЕЛЯ

Читать


MEMLEKETTIK SAIT

Біздің видео