Мектепке дейінгі білім берудегі денсаулық сақтау – бұл ең алдымен заманауи мектепке дейінгі білім берудің ең маңызды міндеттерінің бірін шешуге бағытталған технологиялар, атап айтқанда, балабақшадағы педагогикалық процестің барлық қатысушыларының денсаулығын сақтау, қолдау, нығайту және байыту міндеттері. Технологияның бір құралы ол -таңертеңгі гимнастика.
Таңертеңгі гимнастика-балаларды сауықтыру мен тәрбиелеудің құнды құралы, таңертеңгі гимнастиканы жүргізу барысында ерекше міндеттер тұр, атап айтқанда: баланың денесін ояту, оны тиімді түрде баптау, бұлшықет жүйесіне жан-жақты әсер ету, жүрек, тыныс алу және дененің басқа функцияларының белсенділігін арттыру, ішкі органдар мен сезімдердің жұмысын ынталандыру, дұрыс қалыптың қалыптасуына ықпал ету, жалпақ табандылық пайда болуының алдын алу.
Таңертеңгі гимнастика өте маңызды, өйткені балалар күн сайын таңертеңгі жаттығулар жасау арқылы әдеттілігі дамиды. Егер де таңертеңгі жаттығуды үнемі жасап отырса, бұл пайдалы әдет адамда өмір бойы сақталады.
Келесі модуль «Ересек мектеп жасына дейінгі балалардың әртүрлі іс-әрекеттері мен қарым-қатынастарын ұйымдастыру» чемпионат аясында ересек мектеп жасына дейінгі балалармен таңертеңгілік гимнастиканы ұйымдастыруға және өткізуге арналған. Тапсырманы орындау шарттары бойынша қатысушылар мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін оқу бағдарламасын іске асырудың белсенді, дамытушылық және басқа да заманауи тәсілдері негізінде педагогикалық қызметті жоспарлайды, балалардың жасына, жеке ерекшеліктеріне және педагогикалық қызметтің нысандары мен әдістерінің даму әлеуетіне сәйкес дене шынықтыру-сауықтыру іс-әрекетінің нысандары мен әдістерін таңдайды. Сондай - ақ коммуникативтік жағдайды бағдарлау, педагогикалық диалогты ұйымдастыру және қолдау, ақпарат берудің вербальды және вербальды емес құралдарын пайдалану, және маңызды нәрсе-қауіпсіздік пен денсаулықты сақтауды қамтамасыз етуге жәрдемдесу қабілеттері мен дағдыларын көрсетеді.
Таңертеңгі гимнастиканы көрсете отырып, қатысушылар осы қызмет түрін ұйымдастыру әдістемесін білудің жоғары деңгейін көрсетеді: олар жаттығулар кешенін дұрыс таңдайды, әртүрлі затпен және затсыз орындалатын жаттығулар түрлерін ұйымдастыра отырып, өздерінің кәсіби дайындықтарының жоғары деңгейін көрсете алады. Дәл, қол жетімді көрсету және түсіндіру балалардың жаттығулардың сапалы орындалуына ықпал етеді, жаттығулардың дәйектілігі және оларды орындау қарқыны барлық бұлшықет топтарына жүктемені реттеуге мүмкіндік береді, өткізудің уақыт шеңберін сақтау шамадан тыс жұмыс істеуге жол бермейді – және чемпионатқа қатысушылар бұл дағдыларды жақсы меңгерген.
Балалардың денсаулығын сақтауға бағытталған әдістер мен тәсілдерді сауатты қолдану болашақ тәрбиешілерге балалардың сүйіспеншілігін, ұжымдағы беделін және ата-аналардың ризашылығын алуға көмектеседі.
«Мектепке дейінгі тәрбие» құзыреті бойынша «WorldSkills» бас сарапшысы А.У.Молдабаева,
арнайы мектепке дейінгі пәндер оқытушысы А.К.Абжанова.