Бірақ осы қасиеттер туралы ақпарат бала жадында сақтала ма жоқ па мұғалімнің шеберлігіне байланысты. Чемпионатқа қатысушылар бүгін «Топырақтың қасиеттері» тақырыбында қысқа мерзімді жоспарында жаңа біліммен танысу кезеңін дайындап көрсетуі тиіс. Айта кетейік, топырақтың қасиеттеріне пластикалығы, жабысқақтығы және топырақтың физикалық піскендігі жатады. Осы тақырыппен таныстыру үшін сайыскерлер көрнекілік, үлестірме материалдарын дайындап сабақтарын қорғап шығуы қажет. Бала үнемі жаңашылдықты тануға дайын боп тұрады, ал осы тану үдерісі қаншалықты қызық болатыны әрине мұғалімге байланысты. Өйткені мұғалім осы әлі де толықтай зерттелмеген қоршаған орта туралы ғылымдармен таныстырушы мен бағыттаушы тұлға. «Бала тәрбиесі бір өнер, өнер болғанда ауыр өнер...» М.Жұмабаев дұрыс айтып кеткен. Сондықтан мұғалімді құрметтей білейік. Ал біз қатысушыларымызды қолдап шаршамайық!
Байнакатова З.М Педагогика және психология құжырасының оқытушысы