Qostanaı oblysy ákіmdіgі Bіlіm basqarmasynyń

«QOSTANAI JOĞARY PEDAGOGIKALYQ KOLEJI» KMQK 

 1963 jyly quryldy               

Qabyldaý Bykovskıı 9 k-sі, 1B bölıgı
Qabyldaý bólіmі: +7 (7142) 26 26 41

kost_kpk@edu.mail.kz

Jazyńyz

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай Жоғары педагогикалық колледжі" КМҚК жатақханасында 4 бос орын бар. Жатақханада тұру құны айына 18 000 теңге

Жаңалықтар мұрағаты

« December 2024 »
Mon Tue Wed Thu Fri Sat Sun
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          
Бейсенбі, 20 сәуірдің 2023 15:22

Зерттеп білмейінше білу де, істей алу да мүмкін емес

Сәуір айының 19-да «Лисаков техникалық колледжі» КМҚК базасында «Білім алушыларды ғылыми –зерттеу қызметіне тартудың тиімді педагогикалық практикалары» тақырыбында педагогикалық идеялар жәрмеңкесі өтті.

Жәрмеңкені ұйымдастырушылар Техникалық және Кәсіптік білім беру әдістемелік кабинеті, қатысушылары- жалпы білім беру пәндерінің оқытушылары болды.
Педагогикалық идеялар семинар – жәрмеңкенің мақсаты: оқытушының тиімді ғылыми-зерттеу қызметін жүргізуді ұйымдастыруда әдістемелік қолдау көрсету, қолданбалы зерттеулерді ұйымдастыру бойынша тыңдаушылардың кәсіби білімі мен дағдыларын жетілдіру, білім алушыларды болашақ кәсіби қызметте зерттеу жұмысына дайындау.
Зерттеу жүргізу қаблеті- бұл адамға өмірде өз миссиясын табуға мүмкіндік беретін ең маңызды қасиет, ол осы әлемге не үшін келгенін біледі. Білім алушыларға қызықты жаңа тақырыптар , идеялалар мен білім салаларын ашатын зерттеулер үшін жағдай жасау әдетте күнделікті сабақтарда қол жеткізіледі. Аталмыш педагогикалық идеялар жәрмеңкесінде біз, Лисаков колледжінің педагогтарының, білім алушыларды өз сабақтарында зерттеуге қалай тартатынын тамашаладық. Семинарға қатысқан жалпы білім беру пәндерінің оқытушылары семинар- жәрмеңке барысында бір бірімен өз тәжірибелерімен бөлісті. Семинар –жәрмеңке жұмысы нәтижелі өтті, қатысушылар өздеріне көптеген пайдалы және қызықты ақпарат алды.
Кейін, алаң иелері колледждің барлық материалдық-техникалық базасын көрсете отырып, экскурсия өткізді.
Ғылыми –зерттеу жұмысын ұйымдастырудың практикалық дағдыларының негізін қалай қалыптастыру керектігін директордың оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары Н.М. Викторова мен әдістемелік кабинет меңгерушісі И.А. Потянова «Жалынды жастар» студенттерінің ғылыми қоғамдастығымен ашық сабақ барысында көрсетті. Ғылым-біздің болашағымыз. Білім алушылар ғылымға келу үшін біз оқытушылар оларды зерттеу дағдыларын игеруге үйретуіміз керек. Бұл білім алушының жеке басының қалыптасуына, яғни тәрбие процесіне ең көп көмктесетін зерттеу қызметі. Бұл сабақта студенттер өз бюджеттерін жоспарлауды үйренді, ал оқытушылар әлеуметтік белсенді тұлғаны қалыптастыру факторы ретінде зерттеу дағдыларын дамытудың іс жүзінде қалай өтетінін көрді.
Қостанай педагогикалық колледжінен семинар- жәрменкеге қатысып, куәгері болғандар жалпы білім беретін пәндер оқытушыларының әдістемелік бірлестігінің төрағасы - Кудиярбекова А. М., колледж әдіскері - Баган М.С. және жалпы білім беру пәндерінің оқытушысы - Брахметова А.А.

ЖҒП кафедрасының оқытушысы А.Брахметова

БЛОГ РУКОВОДИТЕЛЯ

Читать


MEMLEKETTIK SAIT

Біздің видео