Өзбекстан, Қырғызстан, Армения, Беларусь, Украина және Болгариядан келген вокалистер де өздерінің дауыстық деңгейімен сахна төрінде жарқырауға келді. Сайысты ұйымдастырушы -Қостанай облысының әкімдігі.
Сәуірдің 19 және 20 аралығында сайыстың іріктеу кезеңі өтті, онда вокалистер өз шығармаларын орындаудың жоғары деңгейін көрсетті. Жеңіске үміткерлер саны 77 адам болды. Қатысушылардың жасы 7-ден 23 жасқа дейін. Байқау қазылар алқасы үздіктердің ең мықтысың таңдау оңай болған жоқ. 21.04.2023 ж. "Алтын микрофон" гала-концерті және жеңімпаздарды марапаттау рәсімі өтті. Қостанайлық вокалистер арасынан тек Арқалықтан келген Нұржан Таубалды ғана жеңіс тұғырына шыға алды. Сайыстың кіші тобынан 10 жасар қыз үшінші орынға ие болды. Ол Роза Рымбаеваның репертуарындағы «Цвети, моя земля» әнің орындады. Бас жүлде мен 700 мың теңгелің сертификатты Жамбыл облысынан келген Қымбат Жамбылбек иеленді. Ол салтанатты финалда "Bang bang" композициясымен қазылар алқаларымен көререндерді таңқалдырды. Конкурстың ұйымдастыру комитеті "Алтын микрофон" үздік орындаушыларын жақын және алыс шет елдердегі балалар шығармашылығының халықаралық конкурстарына қатысуды ұсынады.
Қостанай педагогикалық колледжінің Муз/ДПМ-21, РХК/Муз-21, Муз/ДПМ-31, Ар-21, М-21 топтарының студенттері вокалдық байқауға үлкен қуанышпен қатысып, ұмытылмас әсер алды.
Бүгін "Алтын микрофон" Қазақстандағы ең танымал байқаулардың біріне айналды деп нақты айта аламыз.
Музыка және ДПМ кафедрасының
арнайы пәндер оқытушысы Лопарева Ю.В.