Qostanaı oblysy ákіmdіgі Bіlіm basqarmasynyń

«QOSTANAI JOĞARY PEDAGOGIKALYQ KOLEJI» KMQK 

 1963 jyly quryldy              

Qabyldaý Bykovskıı 9 k-sі, 1B bölıgı
Qabyldaý bólіmі: +7 (7142) 26 26 41

kost_kpk@edu.mail.kz

Jazyńyz

01140100 Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі, біліктілігі 4s01140101 бастауыш білім беру мұғалімі, орыс тілі, 3 курс, негізгі орта білім беру базасында бір бюджеттік орын босады.

Жаңалықтар мұрағаты

« April 2024 »
Mon Tue Wed Thu Fri Sat Sun
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          
Сәрсенбі, 26 сәуірдің 2023 09:10

Кітап - білім бұлағы

   24 сәуірде Қостанай педагогикалық колледжінде  Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күніне арналған «Кітап - білім бұлағы» атты мерекелік іс - шара өткізілді.

   Заманымыздың заңғар жазушысы М. Әуезовтің сөзімен айтқанда, «Кітап -әр адамның өмірлік досы». Кітап-нәзік те, тұнық әлем.  Ұлтымыздың мерейі мен деңгейі, қоғам мен мемлекетіміздің өркенін өсіруде қыруар пайда келтіретін осынау рухани қазынамыз - кітап.
   Іс- шараның мақсатты: оқырмандарды кітапханаға тартуға, оқырмандар белсенділігін және білім алушылар оқуының сапасын арттыруға, олардың зияткерлік және рухани- имандылық дамуына ,жыл бойына өткізілген  іс -шараларды қортындылау мақсатында жүргізілді.
   Колледж кітапханасы қазіргі таңда оқуға құштар колледж жобасын іске асыру аясында  мынадай  іс - шаралар өткізді.
   «Ең үздік топ» конкурс, «Менің кітапханам» бейнежазба, «М. М. Пришвин бояуларының калейдоскобы» әдеби қонақжай, «Кітапхана журфиксі», «Кітап сыйла» акция, «Тәлімгер қандай кітап оқиды?»
акция, «Поэзияның шексіздік әлемі...» әдеби гиді.
   Кеш «Жүр досым кітапханаға» атты әсем әнмен ашылды. Кеш жүргізушілері  Бейбарыс Файзолла мен Карина Найзагаринева кітап туралы өлең  жырларын оқыды. Кітапхана меңгерушісі Урузбаева
   Райхан Шаканқызы кітапхана оқырмандарын алғысхат, мадақтамалармен марапаттады.
   Шара аясында кітап көрмесі мен бейнежазбалар көрсетілді. Қазіргі кезде қоғамымыздың дамуына қарай ақпаратты  жан - жақты аудио,  видео, интернет жүйесі арқылы мүмкіндік туғанымен, кітапхана арқылы әдеби кітаптарды оқи отырып алатын білім мен салауаттылықтың орны ерекше. Қасиетті қазынамыз кітаптарды көзіміздің қарашығындай сақтайық.

Қостанай педагогикалық колледжінің  кітапханашысы
Байгазина Л.Ж.

БЛОГ РУКОВОДИТЕЛЯ

Читать


MEMLEKETTIK SAIT

Біздің видео