Qostanaı oblysy ákіmdіgі Bіlіm basqarmasynyń

«QOSTANAI JOĞARY PEDAGOGIKALYQ KOLEJI» KMQK 

 1963 jyly quryldy              

Qabyldaý Bykovskıı 9 k-sі, 1B bölıgı
Qabyldaý bólіmі: +7 (7142) 26 26 41

kost_kpk@edu.mail.kz

Jazyńyz

01140100 Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі, біліктілігі 4s01140101 бастауыш білім беру мұғалімі, орыс тілі, 3 курс, негізгі орта білім беру базасында бір бюджеттік орын босады.

Жаңалықтар мұрағаты

« April 2024 »
Mon Tue Wed Thu Fri Sat Sun
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          
Сәрсенбі, 26 сәуірдің 2023 13:27

Мен оқытушымын және оны мақтан тұтамын!Жас оқытушылар арасындағы "Дарынды балаларға-талантты ұстаз"педагогикалық шеберлік байқауы

   Кәсіптік білім берудің басты мәселелерінің бірі жоғары білікті оқытушы кадрларды даярлау болып табылады. Қазіргі оқытушы - бұл кәсіби құзыреттіліктің негіздерін меңгерген, стандартты оқу жағдайлары мен өз пәнінің міндеттерінен тыс шыға алатын тәуелсіз шығармашылық тұлға.

    Оқытушының өсуіне және өзінің педагогикалық мәртебесін арттыруға мотивация қалыптастырудың бір түрі - кәсіби шеберлік байқауы.  Конкурстық іс – шара, оқытушы үшін әрдайым оның кәсіби дамуына бағытталған сынақ.
    "Дарынды балаларға – талантты ұстаз" байқауы Қостанай педагогикалық колледжінің жас оқытушылары арасында өткізіліп, дәстүрге айналды. Конкурстың негізгі мақсаттары: жалпы білім беретін және арнайы пәндер оқытушысы мамандығының мәртебесін арттыру, оқытушылардың шеберлігін жетілдіруге ынтасын арттыру, педагогтардың кәсіби әлеуетін ашу, сондай-ақ оқыту мен тәрбиелеудің жаңа нысандарын, әдістерін көрсету болды. Байқау үздік оқытушларды, олардың жалпы педагогикалық үдеріс үшін құнды тәжірибесін анықтауға көмектеседі.
    Конкурсқа жұмыс өтілі 5 жылдан аспайтын жалпы білім беретін және арнайы пәндердің педагогикалық мамандықтарының штаттық қызметкерлері қатыса алады.
    Биылғы байқауға колледждің 5 оқытушысы қатысты:
-Кенжегарина Кымбат Адилбековна, хореография кафедрасының арнайы пәндер оқытушысы;
-Сабристова Ольга Александровна,педагогика және психология кафедрасының арнайы пәндер оқытушысы;
-Ибрагимова Акбота Сериковна, педагогика және психология кафедрасының арнайы пәндер оқытушысы;
-Калиева Ботакоз Баранбаевна, шет тілдері кафедрасының арнайы пәндер оқытушысы;
-Кубегенова Гульназ Жумабаевна, педагогика және психология кафедрасының арнайы пәндер оқытушысы.
    Бірінші кезең сырттай өткізілді. Қазылар алқасына қатысушылар портфолио және ұсынылған тақырыптардың біріне арналған эсселер ұсынды. Байқаудың екінші кезеңінде "Мен-оқытушы" тақырыбында шығармашылық өзін-өзі таныстыру, сондай-ақ қатысушылар өздерінің шығармашылығын, өнерлігі мен шеберлігін көрсеткен педагогикалық жағдаятты шешу қажет болды.
    Қатысушылардың өнерлерін құзыретті қазылар алқасы бағалады, оның құрамына: Қостанай педагогикалық колледжінің қамқоршылық кеңесінің төрайымы, педагогикалық еңбек ардагері - Каримова Сауле Елеусизовна, «Учительская плюс» облыстық апталық ақпараттық-танымдық газетінің бас редакторы - Офицерова Светлана Витальевна, Қостанай педагогикалық колледжінің кәсіподақ ұйымының төрағасы, мектепке дейінгі тәрбие кафедрасының оқытушысы - Байтурсынов Арабай Балгабаевич, математика және ақпараттық технологиялар кафедрасының оқытушысы, әдіскер -Кусеубаева Жанар Абилкасовна, Қостанай педагогикалық колледжінің кітапхана меңгерушісі - Уразбаева Райхан Шаканова кірді.
Әр қатысушы жаңа, қызықты және шығармашылық жағынан ашылды. Зал барлық сайыскерлерді жылы қарсы алып, қошеметпен қолдады.
Байқау нәтижесінде орындар келесідей бөлінді:
- "Ізденімпаз педагог" номинациясы - хореография кафедрасының арнайы пәндер оқытушысы Кенжегарина Кымбат Адилбековна;
- "Жаңашыл педагог" номинациясы - педагогика және психология кафедрасының арнайы пәндер оқытушысы Ибрагимова Акбота Сериковна;
- 3 орын - педагогика және психология кафедрасының арнайы пәндер оқытушысы Сабристова Ольга Александровна;
- 2 орын - педагогика және психология кафедрасының арнайы пәндер оқытушысы Кубегенова Гульназ Жумабаевна;
- 1 орын - шет тілдері кафедрасының арнайы пәндер оқытушысы Калиева Ботакоз Баранбаевна.
    Біз барлық қатысушыларды құттықтаймыз! Жаңа жеңістер мен өмірдегі және еңбек қызметіндегі ең биік белестерге қол жеткізуді, қол жеткізген жетістіктермен тоқтап қалмай, жаңа көкжиектерді игеруге және одан да көп нәрсеге ұмтылу үшін күш пен шабыт тілейміз. Сізге әрқашан дамуды және өз ісінің шебері болуды тілейміз!

Сагумбаева Айдана Сатжановна, музыка және сәндік-қолданбалы өнер кафедрасының арнайы пәндер оқытушысы

БЛОГ РУКОВОДИТЕЛЯ

Читать


MEMLEKETTIK SAIT

Біздің видео