Бұл жобаның мақсаты - оқушылардың қабілеттері мен кәсіби бағдарларын диагностикалаудың бірыңғай жүйесін құру, сондай-ақ олардың зияткерлік және жеке әлеуетін іске асыру үшін қабілетті балалар мен дарынды жастарды қолдау және қолдау қызметін ұйымдастыру. "Qabilet" қызметі ата-аналарға балалардың қабілеттері мен жасырын дағдыларын ашуға көмек көрсетеді, сондай-ақ қазіргі, қарқынды дамып келе жатқан әлемде баланың даму траекториясын құруға жәрдемдеседі.
«Ел үміті» қоры» корпоративтік қоры ұйымдастырған мектеп жасындағы балалардың «4К» дағдысын дамыту және қабілетін диагностикалау әдістемесі тренингі заманауи өзекті мәселерді шешуге көмектеседі. Балаларды қарым-қатынас орнатуға, осы қарым-қатынаста өзін қолайлы сезінуге және өз эмоционалды интеллектісін көрсете білуге мектеп жантанушысына көмек құралдарды (диагностикалар) өз жұмыстарында қолайлы қолдануға бағытталған. Тренниг қатысушылары белсенділік пен қызығушылық танытып өз ойларын кері байланыс парақтарында білдіре алды. Психология пәні аясында эмоция мен сезім тақырыпты ашуға немесе қорытындылаудың бірнеше тәсілдер ала шықтық. Форумға қатысушылар осы іс-шараны ұйымдастырушыларға педагогтың жеке ресурсын дамытуға, кәсіби білімін арттыруға ықпал ететін осы жобамен танысуға мүмкіндік бергені үшін алғыстарын білдірді. Іс-шараның барлық қатысушылары сертификаттар мен естелік сыйлықтар алды.
Мектеп жантанушылар мен тренинг ұйымдастырушыларына жұмыстарында шығармашылық табыстар тілейміз.
Байнакатова З.М., Алимбаева Г.Б. педагогика және психология құжырасының оқытушылары