Qostanaı oblysy ákіmdіgі Bіlіm basqarmasynyń

«QOSTANAI JOĞARY PEDAGOGIKALYQ KOLEJI» KMQK 

 1963 jyly quryldy               

Qabyldaý Bykovskıı 9 k-sі, 1B bölıgı
Qabyldaý bólіmі: +7 (7142) 26 26 41

kost_kpk@edu.mail.kz

Jazyńyz

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай Жоғары педагогикалық колледжі" КМҚК жатақханасында 7 бос орын бар. Жатақханада тұру құны айына 18 000 теңге

Жаңалықтар мұрағаты

« November 2024 »
Mon Tue Wed Thu Fri Sat Sun
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  
Жұма, 05 мамырдың 2023 16:47

Жад жүректе сақталады.

    Ұлы Отан соғысы сұрапыл жылдар. Бұл соғыс қаншама адамдардың өмірің қыршынынан қидырып, отбасынан, баланы әкеден, әйелді ерінен, ананы баласынан айырған сұрапыл жылдар. 

Бұл қайғылы уақыт 1941-1945 жылдар аралығында болып өтті. Дүниежүзілік соғыс әлем жұртының жадында мәңгі қалды. Ұлы Отан соғысы қазақ халқы үшін ұмытылмас қайғылы жылдар болып қала берді. Бұл соғыс қаншама жастардың жүрегіндегі туып-өскен Отанға деген сүйіспеншілігі мен махаббатын көрсете білді.  Егін егіп, ер азаматтар жасайтын жұмыстарды өздері жасап, соғыстағы азаматтардың азыұ-түлігі мен қару-жарағын дайындап, қолдау көрсетті. Ақын-жазушылар өздерінің жалынды өлеңдері арқылы оларға күш-қуат берді. Барша халық жұмыла жаудан қорғанып, соңында аңсаған Ұлы жеңіске қол жеткізді.

     Осынау ерекше күнге орай, біз топ ішінде батыр ата-бабаларымызды еске алу мақсатында, кураторлық сағатты топ студенті Рамазанова Ляззат өткізді. Түрлі өлеңдер мен батырлар есімі және ақпараттар айтып, әртүрлі қызықты тапсырмаларды орындадық. Жасалған ерліктер мәңгі жадымызда сақталады. Өйткені, осы соғыста біздің ата-бабаларымыз біз үшін жандарын қиып, біздің амандығымызды, еркіндігімізді ойлап соғысты. Осы соғыста азаматтар жау тылында жаумен арпалысса, елдегі аналарымыз тылда жұмыс жасады.

    Т-41 тобының студенті Есенғали Ұлболсын

БЛОГ РУКОВОДИТЕЛЯ

Читать


MEMLEKETTIK SAIT

Біздің видео