Qostanaı oblysy ákіmdіgі Bіlіm basqarmasynyń

«QOSTANAI JOĞARY PEDAGOGIKALYQ KOLEJI» KMQK 

 1963 jyly quryldy              

Qabyldaý Bykovskıı 9 k-sі, 1B bölıgı
Qabyldaý bólіmі: +7 (7142) 26 26 41

kost_kpk@edu.mail.kz

Jazyńyz

01140100 Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі, біліктілігі 4s01140101 бастауыш білім беру мұғалімі, орыс тілі, 3 курс, негізгі орта білім беру базасында бір бюджеттік орын босады.

Жаңалықтар мұрағаты

« March 2024 »
Mon Tue Wed Thu Fri Sat Sun
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31
Сәрсенбі, 17 мамырдың 2023 18:43

«Қостанай педагогикалық колледжінің жүлдесі-2023» VII салтанатты марапаттау рәсімі

Rate this item
(6 votes)

Жыл сайын өтетін «Қостанай педагогикалық колледжінің жүлдесі-2023» VII салтанатты марапаттау рәсімі 16 мамырда өтті. Жыл сайын өтетін мерекеге дайындық бірнеше айлар бұрын басталған.

03-05 мамыр аралығында коледждің сайтында онлайн дауыс беру өтті, онда 391 адам, соның ішінде 345 студент, 40 педагог, 6 қызметкер дауыс берді.

Көп жылдар бойы дәстүрге айналған қызыл кілемнен номинанттар өтіп, көрермендердің ықыласына бөленіп, фотографтар есте қаларлықтай ерекше фотолар жасады. Содан соң номинанттар мен көрермендер актзалына өтті.

Осы жылдың басты түсі- күлгін болып, колледж дәстүрі бойынша  марапаттау рәсімінің түсі маңызды рөл атқарады. Күлгін – қарама-қайшылықтардың бірлігінің түсі болып есептеліп, қызыл және көк түстерінің бірігуінен тұрады. Бұл біздің колледждің өркендеуі үшін жыл бойы бір командада жұмыс істеген әртүрлі бірақ бірдей бастамшыл студенттердің тікелей бейнесі.

Биылғы жылдың жүргізушілері №7 жалпы білім беретін мектептің 11-сынып оқушысы, «Жас Ұлан» бірыңғай балалар-жаасөспірімдер ұйымы, қалалық, республикалық қоғамдық бірлестігінің белсендісі Дмитрий Трубецкой және №1 мектеп бөлімінің 3-курс студенті Асия Жамалова болды. Дмитрий біздің іс-шараның шақырылған қонағы ретінде, жүргізушінің шеберлігін зерттеуге өз жұмысын бастап, Асия оның тәлімгері ретінде рөл атқарды. Олар сахнада жақсы көңі-күй қалдырып, бір-бірімен байланысы көрермендерге ұнап, болашақта бұл шығармашылық одақты бірнеше рет көреміз дееп үміттенеміз.

Дәстүр бойынша мерекені педагогтар мен студенттердің ұмытылмас шығармашылық нөмерлері ерекшеледі: Opening-act биылғы жылы мүлдем жаңа форматта, көрермендер залындағы бүгінгі түлектер, бұрынғы белсенді студенттер қатарындағы өмірін еске алды.

Барлығы Бірінші курс студентінің мектебінде басталып, «Studentvision» ән мен би байқауында аяқталған саяхат атмосферасын сезінді. Әртістер түлектердің студенттік өмірдің жарқын тарихын көрсетті, әрбір көрермен үшін бұл жол ең бақытты және ұмытылмас жол ретінде мәңгі есте қалды. Мәдениет бөлімінің 3-куірс студенті Фазылкан Султанбектің Interval-act, музыка және сәндік-қолданбалы шеберлік кафедрасыынң оқытушысы Кожевникова Анжелика Игоревнаның қойылымдары есте қалды.

Жастар ісі жөніндегі комитетінің жылдық өткізілген жұмыс есебін №2 мектеп бөлімінің 4-курс студенті, Жастар ісі жөніндегі комитетінің Төрағасы Александр Косолапов жасады. Сонымен қатар, №3 мектеп бөлімінің 2-курс студенті, «QPK LIFE» студенттік YouTube арнасының корреспонденті, Арина Рожко медиа-ақпараттық комиссиясының қорытынды жұмысы туралы есеп беріп, №1 мектеп бөлімінің 3-курс студенті, Жастар ісі жөніндегі комитетінің өкілі Аружан Абдирова, мәдени-бұқаралық комиссиясы, әлеуметтік және спорттық-сауықтыру комиссиясының жұмысы туралы айтты. 2022-2023 оқу жылының «Министрлер Кабинетінің» жұмысы қанағаттанарлық деп есептелді.

«Қостанай педагогикалық жүлдесі-2023» марапаттау рәсімі аясында қоғамдық пайдалы жұмысты, инновациялық және еріктілер қозғалысының дамытуға ерекше үлес қосқан 47 колледж белсендісі, жастар бастамаларын қолдағаны үшін 8 педагог пен қызметкер марапатталды. Сондай-ақ мерекеде 4-курстың ең белсенді студенттері марапатталды. Бүкіл оқу кезінде, қоғамдық пайдалы жұмыста, ғылым мен шығармашылықта үздік болды, олар: Жансая Сандыбекова, Виктория Выскарь, Алина Гриневич, Молдиртас Динкенова, Парасат Жауғашқан, Дильназ Тасбулатова, Наилэ Вейисова, Александр Косолапов.

«Қостанай педагогикалық колледжінің жүлдесі-2023» дауыс беру қорытындысы бойынша келесі студенттер номинациялар бойынш жеңімпаз атанды:

«Жыл дебюты»- №2 мектеп бөлімінің 1-курс студенті, Карина Найзагаринева

«Жыл серпілісі»- №2 мектеп бөлімінің 3-курс студенті Карина Молчанова

«QPK LIFE» media индустриясының дамуына үлес қосқаны үшін»- №3 мектеп бөлімінің 2-курс студенті Арина Рожко

«Қостанай педагогикалық колледжінің ғылым қызметінің дамуына үлес қосқаны үшін»- №1 мектеп бөлімінің 4-курс студенті Жансая Сандыбекова

«Қостанай педагогикалық колледжінің спорт мәдениетін дамытуға үлес қосқаны үшін»- №3 мектеп бөлімінің 1-курс студенті Артём Костенюк

«Үздік жүргізуші»- №1 мектеп бөлімінің 3-курс студенті Асия Жамалова

«Студенттік өзін-өзі басқаруды дамытуға үлес қосқаны үшін»- мәдениет бөлімінің 3-курс студенті Султанбек Фазылкан

«Үздік топ»- №3 мектеп бөлімінің 2-курс тобы, Ар-21 тобы (топ жетекшісі Алимбаева Гульшат Бисембаевна)

«Үздік студенттер жобасы»- №3 мектеп бөлімінің  3 курс студенті Султан Кусаинов

«QPK LIFE» студенттік YouTube арнасының корреспонденті, 2 курс студенті Арина Рожко,

Аудармашылар Аружан Абдирова, Наина Даурембекова

 

Read 255 times

Leave a comment

Make sure you enter all the required information, indicated by an asterisk (*). HTML code is not allowed.

БЛОГ РУКОВОДИТЕЛЯ

Читать


MEMLEKETTIK SAIT

Біздің видео