1 кезең Moodle платформасында іріктеу тестілеуі.
2 кезең YouTube әлеуметтік желісін пайдалана отырып, "Дала психологиясы, Достық, Хобби" бейнероликтер байқауы.
Университет сайтының мәліметінше, олимпиадаға қырыққа жуық үміткер қатысты, олардың жартысы екінші кезеңге өтті. Біздің Қостанай педагогикалық колледжінен Байнақатова Зияда Меңдіғалиқызы мен Әлімбаева Гүлшат Бисембайқызының жетекшілігімен 2 және 3 курс студенттері қатысты.
Осы олимпиаданың нәтижелері бойынша жеңімпаздар анықталды:
2 орын-Козубаева Мадина, Ар-21 тобының студенті, Тукатова Бибігүл, У-21а тобының студенті;
3 орын-Аулабаева Томирис, Ар-31 тобының студенті, Соколова Мария, Ар-21 тобының студенті, Ковалева Алина, Ар-23 тобының студенті