Qostanaı oblysy ákіmdіgі Bіlіm basqarmasynyń

«QOSTANAI JOĞARY PEDAGOGIKALYQ KOLEJI» KMQK 

 1963 jyly quryldy               

Qabyldaý Bykovskıı 9 k-sі, 1B bölıgı
Qabyldaý bólіmі: +7 (7142) 26 26 41

kost_kpk@edu.mail.kz

Jazyńyz

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай Жоғары педагогикалық колледжі" КМҚК жатақханасында 4 бос орын бар. Жатақханада тұру құны айына 18 000 теңге

Жаңалықтар мұрағаты

« December 2024 »
Mon Tue Wed Thu Fri Sat Sun
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          
Сәрсенбі, 31 мамырдың 2023 16:59

Әдістемелік кеңес

Педагогтердің оқу-әдістемелік жобалармен жұмыс жөніндегі шығармашылық топтарын ұйымдастыру кәсіби өсу және тәжірибе алмасу мақсатында, сондай-ақ оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудағы өзекті мәселелерді шешу, оқыту процесінің тиімділігі мен сапасын арттыру мақсатында құрылады.

Шығармашылық топтардың қызметі педагогтерде лекциялық және практикалық сабақтарды ұйымдастыру процесінде де, өткізуде де, дербес және оқу-зерттеу қызметін ұйымдастыруда туындайтын мәселелерді шешуге бағытталған.

Оқу-әдістемелік кеңестің отырысында педагогтер А.А. Брахметова, А.А. Жармухамбетова, Б.Б. Калиева, Т.Л. Кучерявая, А.У. Молдабаева, М.К. Салькенова, О.В. Третьякова шығармашылық топтардың инновациялық қызметінің нәтижелерін ұсынды.

«Білім беру Web-квест арнайы пәндерді оқытудың интерактивті білім беру ортасы ретінде», «Таным» білім беру саласын геймификациялау», «Балалар мен жасөспірімдер денесінің анатомиясы мен физиологиясының жас ерекшеліктерін білу» модулі бойынша практикалық жұмыс, мәдениет бөлімінің студенттеріне арналған «English for music students» оқу құралы, «Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен 1 курс білім алушыларына арналған жұмыс дәптері», «Интернеттегі жұмыс» оқу практикасы курсы бойынша әдістемелік ұсынымдар сияқты оқу-әдістемелік жобалар, оқу құралдары ұсынылды.

Шығармашылық топтардың сөз сөйлеу қорытындысы бойынша әдістемелік кеңес мүшелері келесі ұсынымдарды қабылдады:

1) осы материалдар «Қостанай облысы әкімдігінің Білім басқармасы»ММ әдістемелік кабинетінің облыстық оқу-әдістемелік кеңесінде қарау үшін жолдансын;

2) 2023-2024 оқу жылында колледждің шығармашылық топтарының жұмысы жалғастырылсын;

3) колледж педагогтері мен білім алушыларының ғылыми-зерттеу, шығармашылық қызметке қатысуының нәтижелілігі жандандырылып, арттырылсын;

4) жас педагогке теориялық және практикалық білімді жетілдіру мәселелерінде практикалық көмек көрсету жөніндегі жұмыс қайта қаралсын;

5) облыстық оқу-әдістемелік кеңес арқылы филология кафедрасының педагогі Алмагуль Альмухановна Кенжегаринаның «Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерін оқытуда тілдік дагдылар дамытудың тиімді әдісі-тәсілдері» тақырыбы бойынша жұмыс тәжірибесін жинақтау ұсынылсын.

Отырыс соңында 2022-2023 оқу жылындағы жұмыс қорытындысы шығарылып, педагогтердің оқу-әдістемелік қызметін дамытудың келешектегі міндеттері қаралды.

 

 

Т.А. Чуркина,

директордың оқу-әдістемелік жұмыс

жөн.орынбасары

БЛОГ РУКОВОДИТЕЛЯ

Читать


MEMLEKETTIK SAIT

Біздің видео