Жаздың бірінші күнінде Қостанай педагогикалық колледжі мерекенің басты қонақтары сәбилерге есігін айқара ашты. Қонақтарды түрлі-түсті шарлармен безендірілген, көңілді музыка мен ертегі кейіпкерлері қарсы алады. Осылайша, болашақ тәрбиешілер мектеп жасына дейінгі балаларға арналған мерекелік іс-шараларды өткізу дағдылары қалыптасады.
Балаларды қорғау күні тосынсыйларға толы болды: сәбилерді көңілді клоундар Веселинка және Кнопка, әдемі келбетті Карлсон күтті. Ертегіші балаларды ертегінің сиқырлы әлеміне енуге шақырды. В-21 тобының студенттері «Қаздар-аққулар» орыс халық ертегісін талантты ойнау арқылы өздерінің көркемдік қабілеттерін көрсетті, онда ертегі кейіпкерлері балаларға мейірімділікке, өзара көмекке, жауаптылық пен тапқырлыққа үйретті.
РТК-31 тобының студенттерімен бірге балалар құдіретті Бетманды бейнелейтін флешмобқа белсенді қатысты. Осыдан кейін Карлсон, Кнопка және Веселинка, В-31 тобының студенттері балаларды көңілді, ашық ойындар мен эстафеталар ұйымдастырып ойнауға шақырды. Мереке соңында балаларды кәсіподақ ұйымы дайындаған тәтті сыйлықтар күтіп тұрды В-12 тобының студенттері іс-шара барысында балалармен бірге ойнап,көңілді орта жасай алды.
Іс-шара балалар мен ата-аналарға сергектік пен жақсы көңіл-күй сыйлады, ал студенттер мектеп жасына дейінгі балалармен жұмыс істеуде практикалық дағдылары толықты.
Кострова Л.Ю., Попова Г.А.
мектепке дейінгі тәрбие
кафедрасының педагогтары