Жолдау, әрине, барлық қазақстандықтарға, ең алдымен, бізге, педагогтерге қатысты. Шынында да, тез өзгеретін әлемде көп нәрсе бізге байланысты.
ҚР Президенті отандық білім беру алдына мынадай міндеттерді қойды: жауапты азаматты тәрбиелеу, білім беру сапасын жақсарту, қауіпсіз жағдайлар жасау, педагогтердің құзыретін арттыру.
Елімізде демографиялық үрдіс байқалады, осыған байланысты балалардың лайықты тәрбиесі мен білімін қамтамасыз ету қажет. Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Қазақстандағы әрбір баланың бақытты және қауіпсіз балалық шағы болуы тиіс», - деді. Сондықтан білім беру мекемелері әр баланың қауіпсіздігі мен психологиялық денсаулығын қамтамасыз етуі керек.
Білім берудің және біздің колледждің маңызды стратегиялық міндеті, бір жағынан, үздік дәстүрлерді сақтау, екінші жағынан, әлеуметтік серіктестердің сұранысы мен еңбек нарығының: «Оқу орындары әлеуетті жұмыс берушілермен ұзақ мерзімді серіктестік қарым-қатынас орнатуы тиіс",- деген қажеттіліктерін ескере отырып, жоғары білікті кадрларды даярлау болып табылады.
Қостанай жоғары педагогикалық
колледжінің директоры,
педагогика ғылымдарының кандидаты
Уразамбетова Г. У.