Акцияны өткізу үшін кітапхана туралы презентация дайындалды; викторина өткізілді; «Кітапхана туралы не білесіз?» атты әңгімелесу жүргізілді; кітапхана қорымен танысу экскурсиясы өтті.
Мерзімді және анықтамалық-библиографиялық басылымдар қорын қалыптастыруға ерекше назар аударылатыны айтылды. Кітапхананың әр мамандық бойынша жазып беретін мерзімді басылымдары көрсетілді.
Кітапхананың маңызды қызметі – әдебиет пен мерзімді басылымдар әлеміндегі жаңалықтарға шолу жасайтын көрме материалы.
Оқу белсенділігінің деңгейін арттыру мақсатында кітапхана қызметкерлері колледж студенттері үшін түрлі іс-шаралар өткізеді. Оқушылардың назарына «Біз - оқуға құштар ұрпақпыз: біз - оқырман ұрпақпыз» атты кітап - иллюстрациялық көрме ұсынылды.
Ахмет Байтұрсыновтың шығармашылығына арналған көрмеге шолу: «Ұлттың ұлы тәлімгері - Великий наставник нации». «Оқуға құштар колледж» жобасын іске асыру мақсатында кітапхана қоры екі тілдегі әлемдік әдебиет кітаптарымен толықтырылды.
«Оқуға құштар колледж» жобасына арналған барлық іс - шаралардың басты мақсаты кітап пен оқуды насихаттау, оқуға деген сүйіспеншілікті ояту және оқырмандарға әртүрлі кітаптарды ұсыну.
кітапхана меңгерушісінің м.а. Р.Ш. Урузбаева