Бұл күнді мерекелеудің негізгі мақсаты өнімді еңбекті ынталандыру, жастар арасында жұмысшы мамандықтарын насихаттау және Президенттің Жалпыға ортақ еңбек қоғамын құру жөніндегі идеясы шеңберінде жұмысшы әулеттерінің көпжылдық дәстүрлерін нығайту болып табылады.
Осы мерекеге орай, Т-21 тобында топ сағаты өткізілді. Топ сағатының негізгі мақсаттары – студенттер, жастар арасында жұмысшы кәсіптерін насихаттау мен жұмысшы әулеттерінің көпжылдық дәстүрлерін нығайту болып табылады. Өзіміз таңдаған тәрбиеші мамандығының қызығы мен қиыншылығы туралы, балаларға қалай тәрбие беру керек, ол үшін өзіміздің тәрбиелі болу керектігіміз туралы сұхбаттастық. Алдағы болатын практика жөнінде пікірталас жүргізіп, іштей дайындалдық.
«Ел есіңде бір жыл қалғың келсе - ас бер, он жыл қалғың келсе - ағаш отырғыз, ал мәңгі қалғың келсе - бала тәрбиеле» дейді дана халқымыз. Баланың ой - өрісін дамытуға, олардың қиялына қанат бітіріп, тіл байлықтарының молаюына тәрбиешілердің сіңірер еңбегі орасан.
Жармухамбетова А.А.,
Шаймерденова Диана, Т-21 тобының старостасы