Qostanaı oblysy ákіmdіgі Bіlіm basqarmasynyń

«QOSTANAI JOĞARY PEDAGOGIKALYQ KOLEJI» KMQK 

 1963 jyly quryldy               

Qabyldaý Bykovskıı 9 k-sі, 1B bölıgı
Qabyldaý bólіmі: +7 (7142) 26 26 41

kost_kpk@edu.mail.kz

Jazyńyz

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай Жоғары педагогикалық колледжі" КМҚК жатақханасында 4 бос орын бар. Жатақханада тұру құны айына 18 000 теңге

Жаңалықтар мұрағаты

« December 2024 »
Mon Tue Wed Thu Fri Sat Sun
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          
Сәрсенбі, 27 қыркүйек 2023 17:18

ПЕДАГОГТЕРДІ АТТЕСТАТТАУ: КӘСІБИ ШЕБЕРЛІКТІ ЖЕТІЛДІРУДІҢ ЖАҢА ТӘСІЛДЕРІ

Біліктілік педагогикалық деңгейін арттыру мәселесі бүгінгі таңда педагогикалық қоғамда ең көп талқыланатын мәселе болып табылады.

Педагог  қызметкерлерді аттестаттау-педагог жұмысындағы кәсіби қызмет пен нәтижелілікті бағалаудағы өте маңызды рәсім. Колледж  оқытушыларын аттестаттаудан өту рәсіміне сапалы дайындау үшін, 2023 жылғы 25 қыркүйекте колледж педагогтері үшін «Педагогтерді аттестаттау: кәсіби шеберлікті жетілдірудің жаңа тәсілдері»тақырыбы бойынша оқыту семинары өткізілді. Семинар  шеңберінде педагогтер педагог қызметкерлерді аттестаттау рәсімін регламенттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерімен, педагогтерді аттестаттауды өткізу тәртібі мен кезеңдерімен (біліктілік бағалау, қызмет нәтижелерін кешенді талдамалық жинақтау, ПББ тестілеуінен өту және эссе жазу) танысты. Педагогтерге аттестатталатын педагог материалдарын (педагог портфолиосы) қалыптастыру, «Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларды аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы»ҚР Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 83 Бұйрығының 6, 7, 8- қосымшаларына сәйкес, қажетті құжаттардың құрылымы мен ресімделуі бойынша ұсынымдар берілді. Колледждің әдістемелік қызметі мұғалімді аттестаттау рәсімінің басынан аяғына дейін сүйемелдейді. Семинар  материалдары (ұсынымдар, нұсқаулықтар, нормативтік-құқықтық құжаттар) колледждің ақпараттық сайтында «Виртуалды әдістемелік қызмет» бөлімінде орналастырылған.

Татьяна Александровна Чуркина,

директорлың оқу-әдістемелік жұмысы

жөн. орынбасары

БЛОГ РУКОВОДИТЕЛЯ

Читать


MEMLEKETTIK SAIT

Біздің видео