Студенттің ғылыми жұмысы - бұл орта кәсіптік білім беру жүйесіндегі білім беру үдерісінің ажырамас бөлігі. Оқу процесінде студент ғылыми қызметтің көмегімен өзінің әлеуетін ашып, әрі қарай осы бағытта дами алады. Студенттік ғылыми қоғамды дамыту біздің колледждің басым міндеттерінің бірі болып саналады.
«Пирамида» ғылыми студенттік қоғамы – белгілі бір ғылым саласында өз білімін жетілдіруге, өз интеллектісін дамытуға, педагогтер мен басқа да мамандардың жетекшілігімен зерттеу қызметінің іскерлігі мен дағдыларын алуға ұмтылатын студенттердің ерікті шығармашылық бірлестігі.
2023 жылдың 28 қыркүйегінде Қостанай жоғары педагогикалық колледжінде «Пирамида» ғылыми студенттік қоғамының бірінші отырысы өтті, оған колледждің педагогтары мен студенттері қатысты. Отырыстың күн тәртібіне «Пирамида» ғылыми студенттік қоғамының 2023-2024 оқу жылына арналған жұмыс жоспарымен танысу, кеңесті бекіту, студенттер арасынан 2023-2024 оқу жылына арналған «Пирамида» ғылыми студенттік қоғамының жетекшісін сайлау туралы сұрақтар кірді. Қостанай жоғары педагогикалық колледжінің педагогтері мен білім алушыларын «Пирамида» студенттік ғылыми қоғамының 2022-2023 оқу жылындағы жұмысы туралы есеппен У-41 тобының білім алушысы, студенттік ғылыми қоғамның мүшесі Болих Зайнура Хасановна таныстырды. Өз сөзінде ол студенттердің ғылыми қызметі аясында өткен 2022-2023 оқу жылының жарқын іс-шараларын атап өтті, ғылыми-зерттеу топтарының түрлі бағыттағы конкурстар мен конференцияларға қатысуының мониторингімен таныстырды.
Отырыстың соңғы кезеңі 2023-2024 оқу жылына арналған «Пирамида» ғылыми студенттік қоғамының жетекшісін сайлау болды. Кандидаттар әр бөлімнің өкілдері болды:
1) Қуанышбай Әдила, Т-31 тобының білім алушысы, мектепке дейінгі бөлім;
2) Төртқара Ажар, РТК-41 тобының білім алушысы, мәдениет бөлімі;
3) Кусаинов Алан, Ир-21 тобының білім алушысы, № 1 мектеп бөлімі;
4) Болих Зайнура, У-41 тобының білім алушысы, № 2 мектеп бөлімі;
5) Тілектес Балжан Ак-11 тобының білім алушысы, № 3 мектеп бөлімі.
Жалпы дауыс беру қорытындысы бойынша 2023-2024 оқу жылына арналған «Пирамида» ғылыми студенттік қоғамының жетекшісі болып Ир-21 тобының студенті Кусаинов Алан сайланды. «Пирамида» ғылыми студенттік қоғамы жаңа шығармашылық, креативті және мақсатты зерттеушілермен толықтырылғанына қуаныштымыз. Осы оқу жылы әрқайсымызға үлкен мүмкіндіктер әкеліп, табысты оқу жылы болсын!
Қостанай жоғары педагогикалық колледжінің
әдіскері Сейлова Ляззат Алдабергеновна