Qostanaı oblysy ákіmdіgі Bіlіm basqarmasynyń

«QOSTANAI JOĞARY PEDAGOGIKALYQ KOLEJI» KMQK 

 1963 jyly quryldy              

Qabyldaý Bykovskıı 9 k-sі, 1B bölıgı
Qabyldaý bólіmі: +7 (7142) 26 26 41

kost_kpk@edu.mail.kz

Jazyńyz

01140100 Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі, біліктілігі 4s01140101 бастауыш білім беру мұғалімі, орыс тілі, 3 курс, негізгі орта білім беру базасында бір бюджеттік орын босады.

Жаңалықтар мұрағаты

« April 2024 »
Mon Tue Wed Thu Fri Sat Sun
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          
Жұма, 06 сәуірдің 2018 19:44

WorldSkills Kostanay-2018 чемпионатының жабылу салтанаты

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев "Рухани жаңғыру" бағдарламасында жастардың білім алуына басты бағыт беру керектігін атап өткен.

Сапалы білім-болашақта мақсатқа жетудің басты кепілі.

Әлемде жұмысшы мамандығы беделді және сұранысқа ие болуда. Оны біздің аймақта 30 колледжден 113 қатысушы-студенттерді біріктіріп өткен WorldSkills Kostanay-2018 чемпионаты дәлелдеді.

Үздік мамандықтар атағына ие болу  сайысы 26 наурыз және 6 сәуір аралығында бір мезгілде Қостанай, Рудный қалаларында және Тобыл кентіндегі техникалық және кәсіптік білім ұйымдарындағы 7 алаңда WorldSkillsтің 15 құзыреттері бойынша өтті 2018 жылғы 6 сәуірде "Мирас" Мәдениет үйінде WorldSkills Kostanay-2018 чемпионатының жабылу салтанаты ұйымдастырылып, жеңімпаздар дипломдар мен медальдармен марапатталды.

Қостанай педагогикалық колледжінің студенттері мен оқытушылары чемпионат жеңімпаздарына. өз шығармашылық бағдарламасын сыйлады. "Болашақ Энергиясы" хореографиялық композициясы, "Жүрек дауысы" вокалдық студиясы (жетекшісі Лопарева Ю. В.) орындаған "Туған жер" әні,  "Новое поколение" вокалдық студиясы (жетекшісі Авдеева Н.А.) орындаған әндер көрермен жүрегінен ерекше орын алды. Келген қонақтар мен жеңімпаздарға «Ложкарей» (жетекшісі – Сагумбаева А. С.) ансамбелі керемет музыкалық сый сыйлады. Рәсімнің ең шарықтау шегі Қостанай педагогикалық колледжі мәдениет бөлімінің студенттерінің орындаған хоры «Сен ғажапсың –Отаным» әні болды.

WorldSkills қозғалысы жас мамандарға кәсіби дағдылары мен құзыретіліктерін көрсете алуға және техникалық және кәсіби білім беру аясында басқа қатысушылармен озық тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді. Біз, барлық қатысушыларға кәсіби жеңістер, жұмысшы мамандығын игеруде жастар мәртебесінің артуын, сенімді әлеуметтік серіктестер және еліміздің елеулі өсуін тілейміз!

Педагог-ұйымдастырушы

Морозенко С.М.

БЛОГ РУКОВОДИТЕЛЯ

Читать


MEMLEKETTIK SAIT

Біздің видео