Qostanaı oblysy ákіmdіgі Bіlіm basqarmasynyń

«QOSTANAI JOĞARY PEDAGOGIKALYQ KOLEJI» KMQK 

 1963 jyly quryldy               

Qabyldaý Bykovskıı 9 k-sі, 1B bölıgı
Qabyldaý bólіmі: +7 (7142) 26 26 41

kost_kpk@edu.mail.kz

Jazyńyz

01140100 Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі, біліктілігі 4s01140101 бастауыш білім беру мұғалімі, орыс тілі, 3 курс, негізгі орта білім беру базасында бір бюджеттік орын босады.

Жаңалықтар мұрағаты

« October 2024 »
Mon Tue Wed Thu Fri Sat Sun
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      
Сейсенбі, 17 қазан 2023 14:44

Материктерге саяхат жасадық

Қостанай жоғары педагогикалық колледжінде 2023 жылдың 17 қазан күні география пәні бойынша «Материктерге саяхат» тақырыбында қызықты үзіліс өткізілді.

Аталған ойын жаратылыстану-гуманитарлық пәндер кафедрасының апталығы аясында өтті. Ойынға барлық 1 курс студенттері шақырылды. Іс-шараның өткізілу мақсаты география пәніне деген қызығушылықты ояту, пән аясында қызықты мәліметтермен бөлісу және студенттердің білім деңгейін тексеру болды.

Қызықты үзілісте В-11а, В-11б, У-12, РХК-11, Ир-11 топ студенттері белсенді түрде  бақ сынасты. Ойын quizizz.com платформасы арқылы өткендіктен бұл жерде студенттердің шапшаңдығы, яғни әр сұраққа қанша уақыт жұмсайтыны да ескерілді.  Ойын нәтижесінде Андроник Дарья, Бондаренко Александровна, Егинбаева Асия, Захарова Виктория өздерін өте жақсы көрсете білді. 

Аталған іс-шара барлық қатысқан студенттерге пайдалы болды деген ойдамыз. Ойын аяғында оларға алғыс айтып, жеңімпаздарды жұма күнгі марапаттау рәсіміне шақырдық.

 

Демесинова Ж.Б.

География пәні оқытушысы

БЛОГ РУКОВОДИТЕЛЯ

Читать


MEMLEKETTIK SAIT

Біздің видео